Жарнама
Саясат

ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау қалай өтеді?

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауын дайындау мен өткізу бойынша баспасөз-релизін ұсынамыз.

2020 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – Ортсайлауком) «2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысын қабылдады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Сенатты Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру кезінде таңдаушылар – мәслихат депутаттары сайлайды, оларды өз кезегінде жалпыға бірдей сайлауда Қазақстан Республикасының азаматтары сайлайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Бұл ретте жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – Облсайлауком) Парламент депутаттарының сайлауын өңірде дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

Облсайлаукомның құрамы, орналасқан орны туралы хабарлар                              13 маусымда облыстық газеттерге және облыс әкімдігінің atyrau.gov.kz интернет-сайтына жарияланды.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсынусайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 13 маусымнан басталады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша 2020 жылғы 12 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсынуды мәслихаттар, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады.

Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не астананың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады.

Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарды сайлауға және олардың сайлануға құқығы жоқ.

Соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат бола алмайды.

Сенат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы құжаттар келіп түскен кезде Облсайлауком:

1) үш күн ішінде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді;

2) тексеру аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде оған таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын береді.

Сенат депутаттығына кандидатты облыстың барлық мәслихаттарын білдіретін таңдаушылардың жалпы санының кемінде он пайызынан, бірақ бір мәслихаттың таңдаушылар дауысының жиырма бес процентінен аспайтын дауысымен қолдауға тиіс.

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеубарлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де, яғни 2020 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеуді облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидатты ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші; тиісті сайлау комиссиясының кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы; кандидаттың өмірбаяндық деректері; оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын 637 500 теңге сомасында құжат болған жағдайда Облсайлауком жүзеге асырады.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7 күннің ішінде Облсайлаукомның хабарлары облыстық газеттерге және atyrau.gov.kz интернет-сайтына жарияланатын болады.

Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни 2020 жылғы 23 шілдеде сағат 18.00-ден кейін басталады және дауыс беру күнінің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта, яғни                        11 тамызда сағат 00.00-де аяқталады.

Сенат депутатының сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері дауыс беру пунктінде өткізілетін Облсайлауком отырысында белгіленеді.

Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау хаттамасы таңдаушылардың бірлескен отырысында жария етіледі және оны сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Ортсайлаукомға жібереді.

Сенат депутаттарын жалпы республика бойынша сайлаудың қорытындыларынсайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей Ортсайлауком белгілейді.

Ортсайлауком қаулысының негізінде Облсайлауком сайлауды дайындау және өткізу кезінде санитарлық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыратын болады.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 270256, 354461, 270969

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_obl@saylau.kzaotik2012@mail.kz

2020 жылғы 13 маусым                       

https://atr.kz/bez-rubriki/shugyl-atyrauda-koronavirus-zhuqtyrushylar-sany-kobe%d1%8ede/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button