Қазақстанда инфляция деңгейі 8,4%-ды құрады

62a174f2a1102379822317 Саясат

Премьер-Министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндады.

Өз сөзінде ол өткен жылы жалпы ішкі өнім өсімі экономиканың барлық базалық салаларында оң нәтижемен 4% құрағанын атап өтті.

Осылайша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі тиісінше 3,8%-ға, құрылыс саласы-7,6% – ға, көлік және сауда – 3,6 және 9,2%-ға өсті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 8,4%-ды құрады, негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3,5%-ға ұлғайды, бюджетке түскен түсімдер 12,7 трлн. тенгені құрап 100,8% орындалды.
Трансферттерді есепке алмағанда кірістер бойынша жоспар 156 млрд. теңгеге артығымен орындалып, 7,4 трлн.теңгені құрады, – деп атап өтті Жамаубаев.
Республикалық бюджеттің шығыстары 99,2%-ға игерілді және 15,2 трлн. теңгені құрады.

Ерұлан Жамаубаев сондай-ақ әлеуметтік блок шығыстарының параметрлері туралы айтып берді, оның көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 910 млрд.теңгеге артып, республикалық бюджеттің жалпы көлемінің 50%-ын құрады. Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында педагогтердің, дәрігерлердің, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақысы артты. Бұл мақсатқа шамамен 950 млрд. теңге жұмсалды. Сондай-ақ, эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге 422,6 млрд. теңге бөлінді.

Жалпы, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындады, – деп атап өтті Жамаубаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз