Қазақстан президенттігіне үміткерлердің қазақ тілін білу деңгейі тексеріліп жатыр 

30fd68ef 31b1 4e12 8cbd 643751f08518 Саясат


Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссияның алғашқы отырысы өтті: сарапшылар Қазақстан көшбасшысы лауазымына үміткерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін анықтап жатыр.

Олар шығарма жазып, мәтінді оқып және қазақ тілінде баяндап беруі керек.

Лингвистикалық комиссияның құрамында мына ғалым-филологтар бар: Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Жанқара Дәдебаев, Гүлтас Құрманбай, Дихан Қамзабекұлы, Анар Фазылжанова. Қазіргі уақытта президенттікке үміткерлер ретінде мына азаматтар тіркелді:

Қазақстанның қазіргі преиденті Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Әуесбаев (ЖСДП атынан), Мейрам Қажыкен («Аманат» кәсіподақтар достастығы), Жигули Дайрабаев («Ауыл» партиясы), Қарақат Әбден («Ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсы»). Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев та өз кандидатурасын ұсынды.

Бірақ оған «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестіктің бірқатар филиалдары атынан жалған құжат дайындаған деген айып тағылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз