Әскерден келген сарбаздар таңдау жасады

nkenkneknek Саясат

Отан алдындағы борышын өтеп, әскерден бүгін ғана оралған төрт сарбаз, Елтай Есенаманов, Жандос Қабдолов, Айбек Амантаев, Ерасыл Батырбекұлы өздерінің туған жері Сарытоғай ауылындағы №220 референдум учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады.

  • – Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінде, Құрмет қарауыл ортасында борышымызды өтедік. Әскерден оралуымыз Республикалық референдум өтетін күнмен тұспа тұс келгенін жақсылыққа жорып отырмыз. Үйімізге бармастан, бірден референдум учаскесіне келіп таңдауымызды жасадық-дейді олар.

220 референдум учаскесіне 1020 дауыс беруші тіркелген, дәл қазіргі уақытта 620 адам қатысып отыр. 34 адамға жәшік апарылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз