Жарнама
Саясат

Қазақстан бейбітшілік жолындағы тарихи уағдаластықты құптайды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімнің қол қойылуын тарихи жетістік деп бағалады. Бұл құжат – екі ел арасындағы ұзаққа созылған әскери қақтығысты тоқтатуға, дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге және берік бейбітшілік пен өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталып отыр.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл келісімге қол жеткізуге АҚШ Президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясы айрықша рөл атқарды. Ол тараптарды саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыда көреген шешім қабылдауға көндіре білді.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл үдерісте Қазақстанның да маңызды үлесі болғанын атап өтті. Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарына қатысты келіссөздерге алаң ұсыну арқылы бұл процесте белсенді рөл атқарды.

Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі келіссөздер Алматы қаласында сәтті өтті. Бұл — Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы халықаралық рөлін тағы бір мәрте айқындады.

Қазақстан әрдайым жанжалдарды бейбіт жолмен шешуді, диалог пен өзара құрметке негізделген саясат жүргізуді жақтайды. Еліміз алдағы уақытта да осындай халықаралық бастамаларды қолдауға және бейбітшілік орнатуға бағытталған үдерістерге жан-жақты атсалысуға дайын.

Руслан КҮМІСҚАЛИЕВ,

Атырау қалалық мәслихатының депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button