Жарнама
Саясат

Қаңтар оқиғасына шынайы баға беру үшін уақыт керек

Өткен жылдың қаңтарында елді дүр сілкіндірген «Қаңтар оқиғасына» бір жыл толды. Күні кеше өткен Мәжіліс отырысында құқық қорғау органдары өкілдері, бас прокурор депутаттарға Қаңтар оқиғасының мән-жайын ашатындай ақпарат берді.

2022 жылғы «Қаңтар оқиғасына» барша қазақстандықтарды ойландырған тарихтың ащы сабағы болды. Менің ойыма Қаңтар оқиғасы дегенде 1986 жылғы Желтоқсан күндерімен де кейде еске түседі.

Кез-келген осындай ереуіл, шеру, бас көтеру олар бір күнде пайда болмайды. Олар қоғамдағы қордаланған мәселелерден туындайды. Халықтың ереуілге шығуына түрткі болған қымбатшылық секілді әлеуметтік мәселелер еді. Ал осы жағдайда арандатушылардың ілмегіне ергендердің көп болуы қоғамдағы мемлекет саясатынан мүлде сырт қалып жатқан топтардың бар екенін көрсетті. Міне, сондықтан да келешекте осы топтармен жұмыс жасауға, сараптамалық талдаулар жүргізуге мән беру керек болады.

Қаңтар оқиғасынан кейін елде түбегейлі өзгерістер басталды. Дегенменде демокартиялық өзгерістер толық орнап, қоғамдық санада Қаңтар оқиғасына деген шынайы көзқарас қалыптасуы үшін әлі де біраз уақыт керек болады. Себебі, өкінішке қарай, сол күндері адам шығыны болды, қан төгілді, екі тараптың да алға тартар өз уәжі, өз ақиқаты бар. Оның үстіне бейбіт тұрғындардың, тіпті сәбидің, жастардың қазасы  мүлде жазылмас жара болып қала береді.

Сондықтан 1 жыл ішінде тек қана заңдық, құқықтық тұрғыдан тексерулер жүргізілді, әлі де жалғасып жатқаны  бар. Ал Қаңтар оқиғасының әлеуметтік, экономикалық, саяси себептері әлі де зерттеледі деп санаймын.

Билік басындағылар оқиғадан сабақ алғаны сөзсіз. Мемлекет үшін де, қазақстандықтар үшін де керегі тыныш өмір, бейбітшілік  қой. Қаңтардан басталған өзгерістер шын мәніндегі  жаңа, әділетті қоғамға бастады деп сенеміз.  

Гүлфайруз Қайырғалиқызы,

тарих ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Басқарма аппараты жетекшісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button