Жарнама
Саясат

Қайрат Оразбаев атыраулықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған жиын өтті. Қала әкімі Қайрат Оразбаев атыраулықтарды ұлық мерекемен құттықтады.

​Отыз жыл ішінде Қазақстан әлемдік аренада өзін танытып, кешенді экономикалық, әлеуметтік, саяси реформалар арқылы толыққанды  мемлекет ретінде қалыптасты. Тәуелсіздіктің бүгінгі мерейлі тойына Атырау қаласы да әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі нәтижелермен келіп отыр. Атап айтқанда, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету өз шешімін табуда, көптеген әлеуметтік сала нысандары ел игілігіне берілуде, ірі жобалар жүзеге асырылды, көлік  инфрақұрылымы қарқынды дамыды.    
   

Осы кезеңде өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 15,5-тен 4,9 пайызға дейін төмендеді. 2001 жылы қалада белсенді жұмыс күші 91 мың адам болса, қазір 188 мыңға дейін жетті. Жұмыспен қамтылғандар екі есеге жуық артып, 178,9 мың адамды құрады. 

53ddf7b3 560d 4007 a598 809d87ace63f

​Тәуелсіздік жылдары облыста 12 мыңнан жуық жұмыс орны ашылды, оның 8,8 мыңы – тұрақты жұмыс орындары болса, осының ішінде Атырау қаласының үлес салмағы басым екенін айтқанымыз жөн.

​Сондай-ақ, халықты табиғи газ, таза ауыз су және сенімді электр энергиясымен қамтуға қатысты ауқымды жобалар іске асырылды. Тәуелсіздік жылдарында тұрғын үй құрылысына 100,8 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды. Соның арқасында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы айтарлықтай жақсарды. Жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 50-ден 79 пайызға көтерілді. 

​Әлеуметтік сала нысандарын салуға айрықша назар аударылды. Нәтижесінде, қаладағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 100-ден асты.Сөйтіп, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші едәуір жоғарылады. Отыз жылдың ішінде шаһарда 10 спорттық-сауықтыру кешені, 4 стадион, 20 спорт залы ашылды. 

​Мемлекеттік тәуелсіздік – бұл тарихтың сыйы, тек қазіргі ұрпақтың бір өзінің ғана меншігі емес. Бұлөткеннің алдындағы өтеу, болашақтың алдындағыжауапкершілік.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баяндыболсын! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!  

​Бұдан кейін мерейді өсірген сәт – мерекелік марапаттауларға кезек берілді. Ең алдымен Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі Атырау сервис колледжінің директоры Галина Буревскаятабысталды. Одан соң «Шапағат» медалі «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының төрайымы, қоғам белсендісі Гүлназ Қосмұрзиеваға тапсырылды.

​Келесі кезекте «Халық алғысы» медалімен «Береке Сауда» ЖШС-нің құрылтайшысы Талғат Бекенов, «Қазақстандық мұнай-газ кешені салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің Атырау облыстық филиалының төрайымы Салтанат Рахимова және «Медиа мост ЖӘ» жеке кәсіпкерлігінің директоры Ернұр Тұрсынбаев марапатталды. 

2d05e12f 8f8c 46b2 b74e 1410593c02c9

​Бұдан кейін ҚР Президентінің Құрмет грамотасына Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Есенжол Жұмағалиев ие болды. Сол сияқты, Ибрагим Әліпов, «Жайық Бетон Констракшн» ЖШС директоры – «Жылдың үздік қамқоршысы», Арман Хайруллин, «Атамекен эко» қоғамдық қорының директоры – «Туған өлке» және Әйгерім Досқалиева, «Жүректен –жүрекке» қоғамдық қорының төрайымы – «Жыл тұлғасы» аталымдары бойынша «Жомарт жүрек» ұлттық байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары болып танылды.

​Салтанатты жиында барлығы 40-тан астам адам «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін иеленді. Оларды иелеріне қала әкімі Қайрат Оразбаев пен қалалық мәслихат хатшысы Қаршыға Жауымбаев тапсырды. Мерейтойлық медальмен марапатталғандардың арасында әр саланың еңбек ардагерлері, кәсіпорын-мекеме басшылары, мамандар мен қарапайым қызметкерлер бар. 

​Бұл күні Атырау қаласы әкімінің Алғыс хаты белсенді қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Олег Шмаль мен «Довира» украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Виктория Синицынаға берілді.

​Салтанат соңы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары дайындаған мерекелік сазды бағдарламаға ұласты.

Дәулетқали АРУЕВ,

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button