НҰРСӘУЛЕ САЙЛАУОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Тәуелсіздігіне жиырма бес жыл болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор – бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Жолдауда ел болашағы үшін жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін кезеңнен  өтудің шынайы жолдары көрсетілген, айқын мақсаттар белгіленген. Президент: «Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз» деп барша қазақстандықтарды күш біріктіруге, болашақ үшін өнімді еңбек етуге шақырады.  

Ел Президентінің жігерлі сөздері ұрпақ тәрбиесімен айналысып отырған педагогтарымыздың жігеріне жігер, қайратына қайрат қосты.

Бүгінгі күні Атырау облыстық білім беру басқармасы «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыруға жұмыла кірісуде. Нақты көрсетілген 100 қадамның ішінде 85-қадам – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу. 

Қай мемлекеттің де өркендеп-дамуына, ең алдымен, азаматтарының Отанға деген сүйіспеншілігі мен әрбір жанның бойындағы ұлтжандылық қасиетіне байланысты болады. Осы орайда 89-қадамда мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу жөнінде айтылған. Біз «Болашақ – жастардікі» дейміз. Осыған орай Атырау облысы  білім беру басқармасы ел Президентінің «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспарын құрып отыр. 76-қадам бойынша 2015-2016 оқу жылынан 12  жылдық білім беру пилоттық жобасы енгізілген (Атырау қаласының №17 мектеп-лицейі, Исатай ауданы, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі) білім беру ұйымдарына қолдау көрсету жүзеге асуда.

79-қадам бойынша 2016-2020 жылдар аралығындаағылшын тілі пәні мамандарына деген сұранысты анықтай отырып, олардың өздерінің жүрек қалауына сәйкес келетін өзге пәндерді меңгеруіне әдістемелік қолдау  көрсетілуде. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің шет елдерде кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етудің жолдарын қарастырудамыз. Бүгінгі күні бұл тәжірибе Жылыой ауданында жүзеге асып отыр. Қала, аудандар көлемінде өз пәндерін ағылшын тілінде өткізетін педагогтардың байқауын ұйымдастыру арқылы маман жетіспеушілігі тығырығынан шығуды мақсат етіп отырмыз. 

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз