Президентке Қатардың ең жоғары мемлекеттік символы табысталды

img 6361 Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар Мемлекетінің негізін қалаған шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы табысталды.

Мемлекеттің негізін қалаушы шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы – Қатардың ең жоғары мемлекеттік символы. Оны монархтарға, ханзадаларға және мемлекеттер басшыларына Қатар Мемлекетіне және бүкіл адамзаттың дамуына қосқан үлесі үшін Әмірдің өзі табыстайды.

Бұл қылыш алғаш рет Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдулазиз Әл Саудқатабыс етілген (2016). Кейінірек қылыш Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарекке (2021) және Испания Королі VI Филиппке (2022) сыйға тартылды.

Бұл символ – Қатар Мемлекетінің негізін қалаушы шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәни (1827-1913) ұстаған қылыштың дәлме-дәл көшірмесі. Қыны алтынмен (18 карат) апталған, екі жағы әшекейленген. Жүзі бағалы, тот баспайтын болаттан құйылған, ал сабы түйе сүйегінен жасалып, агатпен және турмалинмен қапталған.

t.me/aqorda_resmi

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз