Саясат
Президент қызметінен босатылған әкімдерге ризашылығын білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жұмыстан босатылған әкімдерге алғыс айтты.
Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметі мәлімет таратты.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдері лауазымында атқарған қызметі үшін Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа, Гүлшара Әбдіқалықоваға ризашылығын білдірді» делінген хабарламада.