Саясат

Президент бастамаларынан қуат аламын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңашылдыққа толы реформалары ай емес, күн сайын жүзеге асып отыр. Солардың бірін ол күні кеше ғана айтқан болатын.

Жалпы, бізде театр-студиясы бар. Оған әртүрлі жастағы балалар келіп, қатысады. Бастысы, біз оларды қазақ тіліне үйретіп жатырмыз. Ендігі арманым осы балаларымызға қазақ тілінде спектакль шақыру болатын. Сол мақсатым орындалатынына қуандым. Негізі, біздің славян этномәдени бірлестілігінің құрамында бірнеше ұлт өкілдері бар. Арамызда қаракөз қазақ қыздары мен жігіттері бар. Мен үнемі қайталап айтамын, біз орыс немесе украин ұлты емеспіз. Славян болғандықтан, оған басқа да ұлт өкілдері кіреді. Демек, еліміздің тілін дамыту, үйрету басты мақсатымыз болып қала бермек. Сондай-ақ, Президенттің сыйақы жөнінде айтқанына разы болдық.

Шыны керек, біз осы күнге дейін шараларымыздың басым бөлігін ерікті түрде жасап келдік. Ал, премия болса, дәрежеміз де көтеріліп, ынталандырар еді. Стимул, мотивация бар жерде жұмыс та ерекше болады емес пе? Қазақстан – көпұлтты мемлекет болса да, жанымыз – бір, бәріміздің аспанымыз – бір, бір елдің азаматымыз. Мен Ресейде туып Украинадан білім алсам да өзімді тұлға ретінде осы елде, яғни Қазақстанда қалыптастырдым. Осы жерде еңбек етіп, қоғамның белді мүшесі атандым. Мен өз елімді сыйлаймын. Ал, елін сүйгеннен кейін оның халқын да, тілін де сыйлайсың.

Раиса БИТКОВА, «Светоч-Атырау» славян этномәдени бірлестігінің төрағасы

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button