Саясаттанушы: Бұл Президент Үкіметті отставкаға жіберген алғашқы жағдай

666 Жаңалықтар

Atr.kz/22-ақпан, 2019 жыл. «Мемлекет тәуелсіздігін алғалы бері Президент алғаш рет отставканы қабылдамай, министрлер кабинетін қызметінен босатты»  дейді қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев.  

«Бұған дейін болжанғандай, Қазақстанның саны бойынша оныншы Үкіметі отставкаға кетті. Таяуда өткен кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысының айтқан эпитеттерінен кейін Үкіметтің отставкаға кететіні болжанған еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың ашуланғаны айқын болды. Оған қатаң баға беруі мен «атқарыңдар да, отставкаға кетіңдер!» деген сөзі дәлел», – дейді Талғат Қалиев.

gn3a93592

Күні кеше Президенттің Қазақстан Үкіметі алдына қойылған міндеттерді атқара алмайтыны туралы мәлімдемесі Ақорданың ресми сайтында жарияланған болатын.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, министрлер мен әкімдер халықпен жұмыс істеп, адамдардың проблемаларын тыңдап, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен саясатты түсіндіре алмайды.

Дереккөз: Stan.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз