Саясат
ӨТКЕН ЖЫЛ ӨРКЕНДЕУ КЕЗЕҢІ БОЛДЫ
Өткен жыл өңіріміз үшін айтулы қоғамдық-саяси шараларға толы болды, оның бастысы – Қазақстан мен Ресей Федерациясының аймақ-аралық ынтымақтастық Форумы болды. 2014 жылы Атырау қаласы әкімшілігімен атқарылған жұмыстардың нәтижесі 2013 жылы басталған іс-шаралардың жоспарлы жалғасы болып табылады және Елбасының өткен жылдың қаңтар айында «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қойған тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталды.
ӨНЕРКӘСІП
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады.
2014 жылы барлық меншік түріндегі өнеркәсiптiк кәсiпорындармен 138,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға өсіп отыр. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 104%.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 13,6 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлемінің индексі 115,4% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 88,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 114,7% құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауамен баптау қызметі түріндегі кәсіпорындар арқылы 29 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді.
Қала бойынша 2014 жылы электр қуатын өндіру 2,23 млрд. киловатт-сағатты құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға артты.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 8822,4 млн.теңге, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 2178,7 млн.теңге (100,4%), өсімдік шаруашылығы өнімі – 6457,6 млн.теңге (100,2%), қызметтер – 186,1 млн.теңге (100%). Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 100,3% құрады.
Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 4 985, қой мен ешкі – 3 612, жылқы – 1 031, түйе 1 339 басты құрады. Өткен жылы қала бойынша 2 463 тонна ет, 4 098 тонна сиыр сүті, 200 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2013 жылмен салыстырғанда ет 1%-ға, сиыр сүті 0,1%-ға, жұмыртқа 0,4%-ға өсіп отыр.
2014 жылы егіс көлемі 1 961,8 гектарды құрады, соның ішінде: картоп 391,6 га, көкөніс 1 014,1 га, бақша 261,6 га, мал азықтық дақылдар 294,5 га, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 427,8 га өскен немесе 127,9% құрайды.
2014 жылы картоп 3978 тонна (2013 жылға қарағанда 102,6%), көкөніс 30495 тонна (102,3%) және 7036 тонна (123,9%) бақша өнімдері жиналды. Бұл көрсеткіштер 2013 жылмен салыстырғанда орташа 109,6% құрады. Көктемгі-күзгі балық аулау маусымының қорытындысы бойынша балық аулаушы кәсіпорындарының күшімен Каспий теңізінен 4 064 тонна, Жайық өзенінен 3158 тонна балық ауланды.
Атырау қаласында балық қорын сақтау және өсімін молайту мақсатында «Атырау» және «Жайық – Атырау» бекіре тұқымдас балық өсіру зауыттары жұмыс жасайды. Өткен жылы осы зауыттардың күшімен 7,1 млн. дана шабақ суға жіберілді.
Томарлы селосындағы «Caspian Royal Fish» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 100 тонна тауарлы балық, 1 тонна тауарлы уылдырық, 100 мың дана қызыл балық шабақтарын өсіру мүмкіндігі бар кешені өткен жылдың қазан айында іске қосылды.
Қала бойынша 13 жылыжай жұмыс жасайды, жалпы аумағы 5,32 га құрайды, оның ішінде 9 жылыжай 2014 жылы іске қосылды.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша өткен жылы жылыжай салу мақсатында 11 адам 34,5 млн. теңгеге несиелендірілген, егін шаруашылығына 6 адамға 18 млн.теңге сомасында несие берілді.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы бойынша 2 шаруа қожалығына техника алуға 17 868 мың теңге несие берілген.
КӘСІПКЕРЛІК
Қала бойынша тіркелген барлығы 39 633 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, бүгінгі таңда 23 329-ы белсенді жұмыс атқарып келеді.
Өткен жылы өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы сомасы 5,6 млрд.теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданды.
Бөлшек саудадағы тауар айналымы 153,5 млрд. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 14%-ға өсіп отыр. Көтерме саудадағы тауар айналымы 340,6 млрд.теңгені құрап, 2013 жылға қарағанда 140%-ға артты.
Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша қала халқын арзан бағалы өнімдермен қамту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Базарлар мен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жеткілікті көлемде қамтамасыз етілуі және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі өзара ынтымақтастық екіжақты меморандумы жасақталды.
2014 жылы қала аумағында орналасқан 36 кәсіпкерлік иесімен, яғни базар және супермаркет басшыларымен, ірі көтерме тасымалдаушылармен меморандумдар жасақталды.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, төмен бағамен халыққа ұсыну мақсатында апта сайынғы сенбі-жексенбі күндері тұрғындар қалашығы «Мұнайшы» спорт кешені мен «Аққу» дүкенінің алдында барлығы 137 рет ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 431,4 млрд. теңгені құрады. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 39% құрайды.
2014 жылы Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында аймағымыздың дамуына тікелей септігін тигізіп отырған 6 жоба іске қосылды:
1. Модульдік үй тұрғызу фабрикасының құрылысы, жобаның құны — 668 млн.теңге, «Alan buildinq systems» ЖШС, 88 жаңа жұмыс орнының құрылуымен;
2. Үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру, жобаның құны-1500 млн. теңге, «БатысАльянсСтрой» ЖШС, 40 жаңа жұмыс орнының құрылуымен;
3. Тауарлы-бекіре фермасы құрылысы, жобаның құны -491 млн. теңге, «Caspian Royal Fish» ЖШС, 25 жаңа жұмыс орнының құрылуымен;
4. Ірі габаритті және аса ауыр бұйымдарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру, жоба құны – 2500 млн. теңге, «Атырау нефтемаш» ЖШС, 250 жаңа жұмыс орнының құрылуымен;
5. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау үшін ірі габаритті бұрғылау кешені өндірісін ұйымдастыру, жоба құны – 645 млн.теңге, «Жігермұнайсервис» ЖШС, 33 жаңа жұмыс орнының құрылуымен;
6. Бұрғылау колоннасының төменгі жағын құрастыру элементтерінің қосалқы бөлшектері мен PDC қашаулары тетіктерін өндіруді ұйымдастыру, жоба құны – 270 млн.теңге, «Жігермұнайсервис» ЖШС, 20 жаңа жұмыс орнының құрылуымен;
2014 жылы қалалық әкімдік жанындағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму мақсатында инновациялық жобаларды қарастыру жөніндегі Кеңес отырысында жалпы құны 5 027 млн. теңгені құрайтын 31 жоба қаралып, олардан 28 жоба мақұлданып, 12 кәсіпкер жер телімімен қамтамасыз етілді.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
2014 жылы тұрғын үй құрылысына 20,1 млрд. теңге инвестиция жұмсалынды.
Қала бойынша жалпы ауданы 360,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,9%, оның ішінде жеке құрылыс есебінен салынғаны 285,9 мың шаршы метрді құрайды (ЖТҚ — 259,5 мың шаршы метр), мемлекеттік меншік есебінен 74,7 мың шаршы метр.
«Қолжетімді тұрғын үй — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттің трансферттері есебінен Нұрсая мөлтекауданында кезекте тұрған азаматтар үшін жалпы көлемі 15,9 мың шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй құрылысы және Сатыбалдиев көшесі мен Нұрсая мөлтекауданында жалпы көлемі 22,7 мың шаршы метрді құрайтын 7 несиелік тұрғын үй құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жалпы көлемі 17,9 мың шаршы метрді құрайтын 5 тұрғын үй салынды.
Кезекте тұрған отбасыларға жалпы 636 пәтер бөлінді: 11 пәтер — Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 119 — жетім балаларға; 137 — әлеуметтік қорғауды қажет ететін осал топтарына жататын отбасыларға; 310 — мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерiне; 15 — жалғыз үйі апатты деп танылған отбасылар үшін, сонымен қатар Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Нұрсая шағынауданындағы тұрғын үйлерден кезекте тұрған 44 жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа пәтерлер берілді.
2014 жылдың басынан «Колжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасы шеңберінде жас отбасылар үшін 234 пәтер бөлінген.
Сонымен қатар, қаламыздағы апатты жағдайдағы Әйтеке би көшесі-№21, Яблочный көшесі-№3 үй, Әуезов көшесі — №21 үй және Бейбітшілік даңғылындағы — №62, №72 үйлер тұрғындары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында жаңа үйлерге көшірілді.
Мұса Баймұханов көшесі — №50, Жарбосынов көшесі — №10, Балықшы тұрғын үй алабындағы Мұса Баймұханов өткелі — №1 үй тұрғындары да жаңа үйлерге қоныстандырылды. Апатты үй тұрғындарына барлығы 64 пәтер берілді.
Республика көлемінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан әлеуметтік жобалардың бірі «Терможаңғырту» бағдарламасы бойынша өткен жылы 20 көп қабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕЛІЛЕРІ
Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі
2014 жылы Жұлдыз-2, Тасқала-3, Сарқамыс-2 елді мекендерінде су құбырлары құрылысы және Ақжар, Бірлік, Геолог елді мекендерінің ұзындығы 105,5 км құрайтын су құбырларын жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, 2014 жылы құрылысы басталып 2015 жылға ауыспалы болып табылатын Өркен-2, Жұлдыз-3, Атырау, Бірлік, Ақсай елді мекендеріне ұзындығы 85 км су құбырларын жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Электрожабдықтау, жарықтандыру және жылумен қамтамасыз ету
Әлиев және Сатыбалдиев көшелеріндегі, «Атырау» мәдениет үйі аумағындағы, Жайық өзені жағалауындағы түнгі көше жарық шамдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылды.
Осыған қоса, Абай және Сәтбаев көшелеріндегі көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне жарықтандыру желілері жүргізілді.
Водниково-2, Ракуша-2 елді мекендеріне жалпы ұзындығы 28,4 км құрайтын электр желісінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар қала бойынша қысқы маусымға дайындық барысында Балықшы ықшамауданындағы жылу орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 24 дана жаңа жылу алмастырғыштар және қуаттылығы сағатына 3 500 кВт құрайтын 3 дана жылу қазандықтары орнатылды.
Аталған ықшамауданның 4 км жылу желілері де күрделі жөндеуден өткізілді.
Бұдан басқа, қала бойынша апатты жағдайдағы 7 км жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, «Атырау Жылу Жүйелері» АҚ 2,2 км жылу жүйелерін қайта жабдықтау, 34 км жылу желілерін жөндеуден өткізу, 46,5 км желілерді қаптау жұмыстарын атқарды.
Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық
2014 жылы Владимирский-Құрманғазы, Сәтбаев-Құрманғазы, Сәтбаев-Пушкин көшелерінің қиылыстарына, Исатай-Махамбет алаңына, Абай көшесіндегі орталық субұрқаққа және Әйтеке би көшесіне жалпы көлемі 2 419 шаршы метрді құрайтын аумаққа қызғалдақтар және Сәтбаев, Әйтеке би көшелерінде 5 263 метр бұта қоршамдары отырғызылды.
Сонымен қатар, Владимирский-Құрманғазы, Сәтбаев-Құрманғазы, Сәтбаев-Пушкин, Абай-Азаттық, Махамбет-Азаттық, Әуезов-Азаттық көшелерінің қиылысына, Атырау-Орал автокөлік трассасы бағытындағы, Берғалиев, Сатыбалдиев көшелеріндегі көлік айырылымдарына, Махамбет-Исатай алаңына, Әйтеке би көшесінде, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің алдындағы алаңға, драма театр ғимараты алдындағы субұрқақ аумағына, Жеңіс саябағына, әуежай бағытындағы автокөлік жолы бойына гүлзарлар орнатылып, қала көшелеріндегі бұрыннан бар ағаштар мен газондарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.
Қаланы көркейту мақсатында Сәтбаев-Құрманғазы көшелерінің қиылысына, С.Мұқашев атындағы алаңға, Жеңіс саябағы маңындағы аллеяға және Құрманғазы атындағы алаңға 4 дана ротондылар және Сәтбаев даңғылымен Құрманғазы көшелерінің қиылысына гүл сағаты орнатылды.
Сонымен қатар, Сәтбаев, Азаттық даңғылдарына, Абай, Владимирский, Байтұрсынов көшелеріне, Құрманғазы алаңы мен әуежай бағытындағы автокөлік жолы бойына барлығы 167 дана сәулетті кейіптер қойылды.
Өткен жылы Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендерден 576 мың текше метр қоқыс шығарылды. Селолық округтер әкімдігіне санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында 7 дана трактор тіркемесімен, 1 дана КамАЗ, 1 дана погрузчик сатып алынды. Сондай-ақ қала бойынша 185 дана жаңа қоқыс алаңдары орнатылды.
Аумағы 1 200 180 шаршы метрді құрайтын қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен кіреберістері, 2 171 га тұратын кәріздік тазалау құрылғылары мен буландыру алаңдарына және қала көшелерінің ашық жерлеріндегі шалшық сулар, 388 мың шаршы метрді құрайтын саябақтар мен алаңдардағы жасыл желектерге дезинсекциялық жұмыстар жасалды.
Автомобиль жолдары
2014 жылы жалпы алғанда аумағы 237 959 шаршы метрді құрайтын Сәтбаев, Азаттық даңғылдары, Махамбет, Пушкин, Абай, Байтұрсынов, Әйтеке би көшелері және Исатай-Махамбет алаңын, «Атырау» мәдениет орталығы, М.Өтемісов атындағы драма театры алдындағы алаңдарды орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілді.
Әуежай бағытындағы ұзындығы 4,2 шақырымды, яғни аумағы 73 900 шаршы метрді құрайтын автокөлік жолына, аумағы 16 010 шаршы метрді құрайтын алаңға, аумағы 472 шаршы метрді құрайтын автокөлік көпірінің автокөлік жолына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жалпы алғанда аумағы 47 786 шаршы метрді құрайтын «Өркен» ықшамауданының ұзындығы 7,9 км 5 көшесі, Геолог поселкесінің 4 көшесі, «Гауһартас» мөлтекауданының кварталішілік автокөлік жолдары және «Самал» ықшамауданының көшелері күрделі жөндеуден өткізіліп, аталған елді мекендердегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелерге жалпы алғанда 46 дана жол белгілері орнатылды.
Осыған қоса, Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі автокөлік жолы бойындағы жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайтын шұңқырларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы қаладағы негізгі көшелер мен қиылыстарға 18 бағдаршам нысандары орнатылды.
Қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі автокөлік жолы бойына 48 мың 500 шаршы метр бояу және 5 мың шаршы метр екі компонентті пластиктерін қолдану арқылы жол таңбалары сызылды.
Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен мүгедектер үшін қала көшелеріне 105 дана арнайы жол белгілері, жаяу жүргіншілер жолдарында 48 дана арнайы дыбыстық және жарықтық құрылғылары орнатылды.
ЖҰМЫСПЕН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТУ
Өткен жылы жұмыспен қамту орталығына 6 492 адам өтініш білдірген. Олардың 1 734 адамы тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1 350 адам «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасымен қамтылды, 823-і кәсіби оқытуға тартылып, 851 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіншілік алды.
2014 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 200 адам кәсіпкерлік негізінде оқу курстарынан өтіп несие алуға бизнес-жоспарын тапсырса, 143 адамның сұраныстары қанағаттандырылып, 352 млн. 700 мың теңге несие берілді, ал 26 адам инженерлік инфрақұрылымдармен қамтылды.
Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 154 адам 11 мекемеге жұмысқа жолданып, қайта оқыту курсына 69 адам жіберілді. Жастар тәжірибесі бойынша 751 жас маман тәжірибе алып, олардың 338-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар қажетті техникалық көмекші құралдармен, санаторий-курорттық және оңалту орталықтарына жолдамамен, сонымен қатар инватаксимен, жүріп-тұруында қиындығы бар 1 топ мүгедектері жеке көмекші және ымдау тілі маманы қызметімен қамтылды.
Атап айтқанда, қозғалуда қиындығы бар мүгедектерге арналған инватакси қызмет көрсететін арнайы автокөлік саны 3-тен 5 бірлікке көбейтіліп, 2 413 адамның тасымал қызметі жөніндегі сұранысы қанағаттандырылды. 103 мүгедекке ымдау тілі маманы бөлініп, 214 мүгедек жеке көмекшілердің қызметін пайдалануда.
Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті жүріп тұру, тифло-сурдотехникалық құралдары және сауықтыру шипажайына жолдама сұраған 1 711 мүгедектің өтініштері қанағаттандырылды.
Әлеуметтік төлемдерге тоқталатын болсақ, 2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек 220 жанұяның 1 050 алушысына, 18 жасқа дейінгі балалары бар 879 отбасының 2 457 баласына мемлекеттік жәрдемақы, 376 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып, бюджеттен 62,8 млн. теңге төленді.
БІЛІМ БЕРУ
Бүгінгі күні орта білім беру саласында 56 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Жалпы оқушылар саны 47 359, сондай-ақ дайындық сыныптарында 2 109 бала білім алады.
Жалпы білім беретін мектептерде – 4 071 педагог қызмет етеді, оның ішінде жоғары білімді – 3 582, қалған 466-ы арнаулы орта білімді мамандар. Жоғары санатты педагогтар – 610, бірінші санатты – 1 319 мұғалім.
2014 жылы апатты жағдайда болған №18 және Ы.Алтынсарин атындағы мектептер жаңа ғимаратқа көшіріліп, Жұмыскер, Көкарна елді мекендерінде, Нұрсая ықшамауданында әрқайсысы 280 орындық балабақшалар іске қосылды.
Сонымен қатар, «КТК» компаниясы 10 балабақша мен 5 мектепке жылу жүйелерін, қосымша асхана жабдықтарын, есік-терезелерін ауыстыруға көмек көрсетті.
Жергілікті бюджет есебінен 11 мектеп пен 2 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға қаражат қарастырылды.
2014 жылы 10 химия кабинетіне арнайы құрал-жабдықтар алынып, 7 мектепке жылу қазандары орнатылды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5 мектепке арнайы дабылқаққыш (сигнализация) орнатылды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес мектеп оқушыларының көбін сапалы ыстық тамақпен қамту мақсатында қалалық білім бөліміне қарасты 56 жалпы білім беретін мектептің 43 асханасында, 13 мектепте тасымал арқылы ыстық тамақпен барлық оқушыларды толықтай тамақтандыру ұйымдастырылуда. Ыстық тамақпен қамтылған бала саны 45 658, ол 2013 жылмен салыстырғанда 103%-ды құрап отыр, оның ішінде 1-4 сынып және аз қамтылған отбасы оқушылары, барлығы 3 мың 970 бала тегін тамақпен қамтылып отыр. Мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын 136 мүгедек бала 62 компьютермен, оған қоса құрал-жабдықтармен қамтылып отыр.
Жазғы кезеңде балалардың сауықтырылуын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бағытында барлығы 32 500 (76,4 пайыз) оқушы қамтылды, 2013 жылы – 30 159 (74,8 пайыз) оқушы.
Маусым айында аз қамтылған отбасы, жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және көпбалалы отбасы балаларына арналған «Железноводск» қаласына 56 бала, Италияға 12 жетім бала, Алматы қаласына – 45 бала, «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагеріне – 450 бала демалысқа жіберілді.
Оқушыларды тасымалдау үшін М.Отаралиев атындағы, Т.Амандосов атындағы, №36 мектептерге 1 автобустан, №35 мектеп- гимназиясына 3 автобус сатып алынды.
Жалпы қала бойынша 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 53,5 пайыз немесе 16 742 бүлдіршінді қамтыды, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 82,1 пайызды құрайды.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 6 балалар саз мектебі мен 2 мектептен тыс мекемелерінде 4 119 бала әртүрлі 56 үйірмелер мен музыкалық кластарда білім алады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңының талаптарын орындау мақсатында соңғы жылдары бюджеттен білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындарға қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау көрсету үшін қаражат көзделіп отыр, 2014 жылы аталған жеңілдікті қаладағы 17 жоғары және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының 19 867 студенті пайдаланды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Атырау қаласындағы 24 денсаулық сақтау мекемелері халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде.
2014 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша қала халқы саны 290 424 адамды құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 3,5 пайыз немесе 9 790 адамға өсіп отыр, бұған туғандар санының артуы және халық өлімінің төмендеуі ықпал етуде.
Атырау қаласында халықтың табиғи өсу процесі жалғасын табуда, оның деңгейі 6 405 адамды немесе 2013 жылмен салыстырғанда 105,8 пайыз құрады.
Туғандар саны 7 991 адам, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,9 пайыз. Өлгендер саны 1 586 адам, 2013 жылға қарағанда 7,4 пайызға төмендегені байқалады.
МӘДЕНИЕТ
Қазіргі таңда қаламызда жалпы 42 мәдениет мекемелері халыққа қызмет көрсетеді. 2014 жылы қала және қалаға қарасты ауылдық елді мекендерде халыққа арналып 941 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, қала тұрғындарының мәдени өмір салтын көркейтіп, салт-дәстүрі мен мәдениетін дамыту мақсатында, Наурыз, Жеңіс күні, Астана күні, Конституция күні, Қала күні, Тұңғыш Президент күні, Жаңа жыл т.б мерекелеріне орай сазды бағдарламалар ұйымдастырылды. Есепті кезеңде қаланың жас таланттары 3 халықаралық, 1 аймақтық, 6 республикалық байқауларға қатысып, Атырау өңірінің өнерін кеңінен паш етті.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі қалалық іс- шаралар жоспары бекітіліп, бүгінгі таңда жүйелі жұмыстар атқарылуда.
2014 жылдың қазан айында Қеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Қайырғали Смағұловтың соғыста батыр атағын алған жері — Керчь қаласына құрамында 12 мүшесі бар әскери-патриоттық экспедиция жіберілді.
Өткен жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тегін медициналық қызмет көрсету мақсатында қала әкімдігі қала аумағындағы 14 жекеменшік медицина мекемелерімен екіжақты меморандум жасақтап, 53 ардагерге сертификаттар табысталды.
СПОРТ
Атырау қаласында жалпы 5 спорт мектебі бар, 1 спорт мектебіне олимпиадалық мәртебе берілген. Аталған спорт мектептерінде спорттың 21 түрі бойынша секциялар толықтай тегін жүргізіледі.
Қала көлемінде 6 кәсіби (волейбол, футбол, хоккей, мүгедектер спорттық клубы, су спорты түрлері, ұлттық спорт түрлері бойынша) спорттық клубтар жұмыс жасайды.
Республика бойынша алғаш рет барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мүгедектер спорт клубына Балықшы спорт кешені толығымен пайдалануға берілген. Спорт кешенінде тірек қозғалыс жүйелері бұзылған, есту қабілеті төмен, зағип – барлық санаттағы мүгедек спортшылар 12 спорт түрімен тегін шұғылдануда.
2014 жылы 100 әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өткізілді, оның ішінде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында дзюдо, футбол және таэквондодан Атырау қаласы әкімінің Кубогы жүлдесіне арналған қалалық турнирлер ұйымдастырылды.
Аталған жарыстарға Ресей Федерациясы және Қазақстанның облыстарынан командалар қатысты.
Спорт нысандарын дамыту мақсатында өткен жылы «Мұнайшы» стадионындағы футбол алаңына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, суару жүйесімен қоса көлемі 7 500 шаршы метрді құрайтын табиғи алаңы ауыстырылды.
ІШКІ САЯСАТ, ЖАСТАР
Мемлекеттік тапсырыс қорытындысы бойынша 7 қоғамдық бірлестіктермен қала көлемінде 70 түрлі шара өткізілді. («Номад», «Жастар таңдауы Атырау», «Атырау жас өрендері», «Алтын топшы», «Еуразия Жастары», «Инфо орталығы», «Рауан» қоғамдық бірлестіктері).
Қалада діни жоралар мен құлшылықты жүзеге асыру үшін 13 ғибадат үйі (ғимараттары) жұмыс жасауда, олар: 6 исламдық, 1 православиелік, 1 католиктік және 5 протестанттық болып табылады.
Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау және дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында құрамында мемлекеттік қызметкерлер, теолог мамандар, мешіт имамдары, құқық қорғау органдары, соғыс және еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдерінен тұратын жалпы Атырау қаласында және селолық округтерде 50 мүшесі бар 11 ақпараттық-насихаттық топ құрылды.
Топ құрамымен қала тұрғындарының, ірі кәсіпорын мекемелер, сауда орталығы қызметкерлерінің, жастардың (студенттер, мектеп оқушылары) мектеп мұғалімдері мен спортшылардың қатысуымен қала аумағындағы арнаулы орта оқу орындарында, ауылдық округтерде 81 кездесу өткізіліп, 4 984 мыңға жуық адам діни бағытта мағлұмат алды.
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ
2014 жылы құқық қорғау қызметінің барлық саласы бойынша 5 842 қылмыс тіркелді.
Өткен жылмен салыстырғанда қалалық ішкі Істер басқармасының жеке құрамының күштерімен бірқатар жедел және локалдық өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде аса ауыр қылмыстар 22,9%, қасақана адам өлтіру 5,9%, қарақшылық 31,6%, тонау 20,2%, пәтер ұрлығы 4,3%, мал ұрлығы 4,5%, жолда жүру ережесін бұзу 48,6% тіркелуі азайды.
Жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 18,5%, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 4,3% және көшеде жасалған қылмыстар 8,8% азайды.
Сонымен қатар, былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстардың ашылуы 4,9% (11,5%-дан 16,4%-ға), ауыр қылмыстардың ашылуы 6,3%, аса ауыр қылмыстардың ашылуы 8,9%, орташа дәрежелі қылмыстар 2,1%, жеңіл дәрежелі қылмыстар 0,5% және бұзақылық 12,4% көтерілді.
Бүгінгі таңда қала аумағында 266 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған. 2012 жылдан бастап қалада жоспарға сәйкес қосымша 191 сырт-қы бейнебақылау камералары орнатылды, қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ-мен аталған камераларды жүйеге қосу жұмыстары жүргізілуде.
Сыртқы бейнебақылау камералары арқылы барлық құқық бұзушылықтармен қатар, ұсақ тәртіп бұзушылықтар да анықталып, жедел түрде шаралар алынуда.
Осы мақсатта, 2014 жылдың 12 айында тәртіпсіздікке «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша қоғамдық орындарда, белгіленбеген орындарда темекі шегу, ұсақ бұзақылық жасау, жолда жүру ережесін бұзған барлығы 66 880 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен анықталғаны – 23 751. Жалпы құқық бұзушыларға 495 579 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 338 403 мың теңгесі өндірілді, өндіру 68,2 пайызды құрап отыр.