Жарнама
Саясат

ОРТАҚ ШЕШІМ, ОРАЙЛЫ ІС

Жиынға қатысушылар Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттап, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

– Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа стратегиялық саясаты – мәні зор үлкен бағдарлама. Қазір әлемдегі геосаяси жағдай тым шиеленісіп, көптеген экономикалық қайшылықтар болып жатыр. Еуропаның көрші мемлекеттерге, соның ішінде, Ресейге жасап жатқан санкцияларының зардаптары біздің Қазақстанға тимей қоймайды. Өйткені, 7-8 мың шақырым жеріміз Ресей елімен шекаралас жатыр. Осы қиын кезде өзге елдерде мекемелер жабылып, жұмыссыздық белең ала бастаса, біздің елде жаңа жолдар салынып, тұрғын үйлер бой көтеруде, — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит Избанов.

 «Елбасы Жолдауы – ел бағытын айқындаған бағдарлама» тақырыбында ой бөліскен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева Мемлекет басшысының әр жыл сайынғы Жолдауы сол кезеңдегі басты оқиғалармен, өзекті мәселелермен тұспа-тұс, үндес келіп отыратындығымен ерекшеленетіндігін атап айтты.

Елбасының 2009 жылғы «Дағдарыстан – дамуға!» атты Жолдауында  тек дағдарыстан шығу ғана емес, әрі қарай даму жолдары айқын көрсетілген болатын. Биылғы Жолдау да атауы айтып тұрғандай, терең мазмұнға ие. Президенттің мемлекеттік органдарға берген тапсырмасы нәтижесінде халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Биыл 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлер жалақысы 15 пайызға өспек. Өңірлерде әр сала бойынша өркенді істер жасалып жатыр, жаңа нысандар бой көтеруде. Мұның барлығы – Елбасы ұстанып отырған саясаттың жемісі, — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, өңірімізде мұнай-газ саласының өркендеуіне зор үлес қосып қана қоймай, инфрақұрылымды дамыту бағытында да «Теңізшевройл» ЖШС бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Компания «Игілік» бағдарламасының шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Аталған серіктестіктің мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры, облыстық мәслихат депутаты Мария Қаражігітованың айтуынша, бағдарлама аясында өткен жылы Құлсары қаласында су  тазарту қондырғысының құрылысы аяқталып, халық таза ауыз суға қол жеткізді.

– Облыста мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамту – өте күрделі мәселеленің бірі. Сондықтан, компания «Игілік» бағдарламасының шеңберінде облыста алты балабақша құрылысын жүргізуді қолға алғалы отыр. Оның бесеуі Жылыой ауданында болса, біреуі – облыс орталығында. Сонымен қатар, ұлттық гимназия және техникалық мектеп-гимназияны салуға да жәрдемдесіп отырмыз, — дейді Мария Жапаққызы.  

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button