БОЛАШАҚҚА НЕГІЗ – ТӘРБИЕДЕН

Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған  «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауын біздің «Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжай ұжымы да қызу талқыға салды.  Мен де сүйікті газетім арқылы өз пікірімді білдіруді жөн көрдім.

Бүгінгідей жаңа мүмкіндіктермен бірге белең алған жаһандық ахуалды әркім өзінше байыпты көзқараспен түсінуі керек. Ел егемендігінің өзі бізге оңайдан-оңай келген жоқ. Бірлігіміздің, ынтымағымыздың, жұмыла атқарған жұмысымыздың, аға-апаларымыздың күн, түн демей, уақытпен санаспай атқарған адал еңбегінің арқасында келді.

Тәуелсіздікті баянды ету, қуатты қоғамға  айналдыру қиын екенін көріп білдік және мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайту үшін көптеген бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Елбасының өз сөзінде бүгінгі ахуал біздің жетістіктерімізді сынға салып,  елдігімізді шыңдай түсетін кез деуі де үлкен мағынаны аңғартады. Сол себепті қандай кезеңде де «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып,   ерінбей еңбек етуге тиіспіз.

Туған елімнің бұдан әрі гүлденгенін, халқының дені сау, тәрбиелі ұрпағы өсіп-өнгенін қалаймын. Сол үшін ұрпақ тәрбиесіне өз білім мен білігімді арнап, олардың саналы ұрпақ болып ержетуі үшін үлесімді қосқым келеді.

Дина  ҚАРАБАЛИНА,

«Қызғалдақ» бөбекжайының психологы,

Елтай ауылы,

Индер ауданы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз