Жарнама
Саясат

Одақ туралы оралымды ой

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты ІІ Еуразиялық экономикалық форумына қатысып, қазіргі Еуразиялық экономикалық Одақ туралы оралымды ойларын ортаға салды.

«Екі ел – бір мемлекет» формуласы бойынша біртұтас саяси, құқықтық, әскери, экономикалық, валюталық, мәдени-гуманитарлық кеңістікте бірлесіп өмір сүріп жатқан туысқан Ресей мен Беларусь елдерінің одақтастығын тілге тиек ете келіп, Армения мен Қырғызстан секілді мемлекеттермен бірге Қазақ елінің ұстанған интеграциялық ұстанымын да ашып көрсетті.

Бұл орайда екі бірдей алып көршінің ортасында отырып, бейбітшілік пен келісім тепе-теңдігін сақтап келе жатқан еліміз өзара ынтымақтастықты арттыра түсері анық. Қытай еліне сапарынан кейін Мемлекет басшысының ІІ Еуразиялық экономикалық форумға қатысып, өз ой-пікірін ортаға салуы – осы сөзіміздің айқын дәлелі.

Амандық Сасаев,

ардагер мұнайшы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button