Облыс әкімі Венгрияның Қазақстандағы елшісін қабылдады

fb img 1653643990455 Саясат

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Отто Иван Ронаны қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыру, инвестиция тарту және әлеуметтік салалар бойынша серіктестік мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, өңір басшысы Атырау облысы мен Венгрия арасындағы өзара қарым-қатынасты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар үшін ризашылығын білдірді.

   – Еліміз егемендік алған күннен бастап екі ел арасында тығыз достық қарым-қатынас қалыптасып келеді. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысының Венгриямен сыртқы сауда айналымы 597,7 мың АҚШ долларын құрады. Ал бүгінгі таңда Атырау облысында Венгр капиталының қатысуымен негізінен құрылыс, мұнай және табиғи газ өндіру кезінде техникалық қолдау және т. б. салаларда бірнеше кәсіпорын тіркелген, деді С.Шәпкенов.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, инвестиция тартуға және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медицина, сауда және басқа да салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі екендерін жеткізді. 

Сонымен қатар, кездесу барысында
Венгрия елшілігі Венгрияның Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Құрметті консулы Оразғали Каршегеновті екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы орденмен марапаттады.

Айта кетейік, Қазақстанның Венгриямен дипломатиялық қарым-қатынасы 1992 жылғы 23 наурызда орнатылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз