
Саясат
Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты ШҰҒЫЛ МӘЛІМДЕМЕ жасады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы демалысынан оралғанын хабарлады оның кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
«Нұрсұлтан Назарбаев демалысын Түркияда, туған-туыстары мен жақындарының жанында өткізіп, елге оралды. Аноним ақпарат көздерінің әртүрлі алып-қашпа әңгімелеріне қарамастан Тұңғыш Президент ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізген жоқ» деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.