Жарнама
Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев ШҰҒЫЛ МӘЛІМДЕМЕ жасады

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев өзіне бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат бергенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

«Біз Қазақстанда көп жылдан бері құқықтық мемлекет құрып келеміз. Оның негізгі қағидасы – заң баршаға бірдей. Егер менің туыстарымның бірі менің атымды жамылып заң бұзса, онда олар тиісті жауапкершілікке тартылуы керек. Кінә сот тәртібімен дәлелденуге тиіс», — деген Назарбаев. 

Ол «әрбір азамат заң бойынша қорғануға құқылы» дегенді де айтқан.

«Рахат Әлиевке қатысты оқиғаны ешкім ұмыта қоймаған болар деп ойлаймын. Ол менің қызымның күйеуі, немерелерімнің әкесі болды. Өзімнің ұлым сияқты болды. Сөйте тұра мемлекет оның заңсыз әрекеттеріне көз жұмған емес. Сот төрелігімен сотталды. Бірақ ол өмір бойы жасырынып жүрді. Кісі қызығы қоймайтын тағдыр», — деді Назарбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button