Владимир Зеленский Украинадағы президент сайлауында жеңіске жетті (+ВИДЕО)

15428139881original 1115 БЕЙНЕЖАЗБА
https://www.youtube.com/watch?v=9k7DwXM_4e8

Аtr.kz/22 сәуір, 2019 жыл. Владимир Зеленский президент сайлауының бастапқы нәтижесін естіген соң қатты қуанып, жеңімпаз ретінде мәлімдеме жасады.

Бастапқы нәтижелер бойынша Украинаның президент сайлауында жеңіске жеткен Владимир Зеленский өзіне қолдау білдірген халыққа үндеу жасады.

Сайлаудың екінші турының бастапқы нәтижесі шыққан соң Владимир Зеленский қуанғаннан секіріп, әйелі Еленаны сүйді және өз командасы өкілдерімен қол алысты.

«Біз бұған бірге қол жеткіздік», –  деді Зеленский өз кандидаттық штабындағыларға.

Владимир Зеленский  жақтастары мен өзіне дауыс берген украиналықтарға алғыс айтты.

«Бұл жауапты жұмысты сіздер атқардыңыздар, мен емес. Біз бұған бірге қол жеткіздік. Ең басты жетістігіміз – Украинаны, өмірімізді, халқымызды біріктірдік», – деп мәлімдеді Зеленский видеоүндеуінде.

«Бірінші мақсат»

Сонымен қатар Зеленский Украина президенті ретінде алға қойған «бірінші мақсатын» атады. Ол Ресейде қамауға алынған украин теңізшілерін Украинаға қайтаруды көздейді.

Бұдан бөлек, Зеленский «Минск процесі туралы» айтты.

«Біз қалай болғанда да нормандтық форматта әрекет ететін боламыз, Минск процесін жалғастырып, қайта бастаймыз. Бізде кадрлық ауысулар болады деп ойлаймын», – деді Зеленский экзит-полл нәтижесі шыққаннан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз