«Nur Оtan»: Қолжетімді медицина. Сапалы білім.

1587920316 v695 c90aaf86 750x422 2 Саясат

Медицинаны қолдау. Білім саласына қатысты түйткілді мәселелерді бірлесе шешу. «Nur Оtan» партиясы атынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Нұрлыбек Даумов пен Ербол Иманғалиевтің сайлаушылармен онлайн басқосуы барысында аталған тақырыптар кең талқыға түсті.  

Zoom платформасындағы кездесуге медицина және білім саласы өкілдері қатысып, саяси науқанға қатысты мәлімет алумен қатар, көкейіндегі сұрақтарын да жолдауға мүмкіндік алды.

Өз кезегінде Нұрлыбек Ғилажұлы «елдегі жетекші саяси ұйым саналатын  «Nur Оtan» партиясының нақты істер партиясы» екенін ерекше атап өтіп, тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен жетістіктерге тоқталып өтті.

«Тәуелсіздік алған кездерден бері қол жеткізген жетістіктеріміз – ортақ бағымыз. Шекарамыз шегенделді. Жер – ата-бабамыздан қалған мұра. Ол сатылмайды. Қазақ үшін жер – өте киелі, мәні зор ұғым. Сол себептен, шекараның айқындалып, нақты белгіленуі – басты жетістігіміз» дей келе, Семей полигонының жабылып, Арал апатының алдын алуға қол жеткізгені де – тәуелсіздік жылдарының жемісі екенін атап өтті. Этносаралық келісім мен діни тұрақтылық, нарықтық экономика қалыптасып, бизнеске жол ашылуы, демографиялық даму, ел тәуелсіздігінің айнымас символына айналған айшықты астананың салынуы турасында сөз өрбітіп, сайлаушыларға пайдалы ақпараттарды жеткізді. Кез-келген мәселені бірлесе шешу маңызды екенін атап өтіп, бірлескен істің берекелі боларын айтты.

Білім саласындағы бай тәжірибесіне сүйене отырып, жалпы аталған салаға қатысты кейбір маңызды мәселелерге де түсінік берді. «Атырау облысында білім саласы бойынша бірнеше сәтті жобалар жүзеге асырылып, дарынды шәкірттер көбеюде. Жасалған ауқымды жұмыстар жалғаса береді. Бір айта кететін маңызды жәйт, Атырау облысының білім саласы материалдық-техникалық базасы өте жақсы қамтылғандардың бірі» дей келе, үш ауысымдық мектептерді жою, бес күндік оқу режимінің тиімді тұстары туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

          Бұдан соң кандидат Ербол Иманғалиев денсаулық саласы қызметкері болғандықтан медицина саласына қатысты маңызды мәселелерді қозғады. «Бәрімізге белгілі, биыл оңай болған жоқ. Әлемдік пандемия кезінде медицина саласында жүйелі кемшіліктер анықталды. Білікті мамандардың аз, материалдық техникалық базаның осал тұстары байқалды. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында кешенді шаралардың қажеттілігі туындады» деген ол салаға қатысты жасақталған жоспарлардың жүйелі жүзеге асатынын атап өтті. «Мәселен, 2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысын 2,5 есе өсіру қарастырылуда. Әр өңір қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Санитарлық эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында материалдық-техникалық базаны дамыту жүзеге асуда. Бағасы қымбат медициналық қызмет түрлерін МӘМС арқылы қол жетімді ету тетіктері қарастырылуда» деді ол.

Кездесу барысында кандидаттар сауалдарға жауап беріп, саяси науқанға қатынасып, дауыс берудің маңыздылығына тоқталды. «Nur Оtan» партиясын қолдауға шақырып, жоспарлы жұмыстар, нақты міндеттер туралы айтып өтті.

«Nur Оtan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз