МЕН ҮШІН БАҚЫТТЫ КҮН

Тәуелсіздік сарайында Елбасының биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын  тыңдап, зор бақытқа ие болдым.

Биылғы Жолдаудағы Президенттің барша жастарға арнаған ақыл-кеңесі мен алға қойған мақсаттары мені де ерекше құлшынысқа бөледі. Еліміздің өркендеуі жолында тынбай еңбектену, тиянақты білім алу – басты борышымыз.

Студенттерге деген қамқорлық та назардан тыс қалмады. Жаңа жылдан бастап шәкіртақы 33 пайызға өсетін болды. Елбасының жастарға деген бұл қамқорлығы баршамызды қуантты. Президентіміздің сенімін ақтауға бар күш-жігерімізді саламыз.

Ел болашағы мен тірегі – жастар екенін Ұлт Көшбасшысы тағы атап көрсетіп, еңбектен, қиындықтан қашпау керектігін қадап айтты.

Бүгін – менің ең бақытты күнім. Елбасымен екінші рет жүздесіп тұрмын. 2012 жылғы қыркүйекте оның студенттер алдында оқыған лекциясын Н.Назарбаев атындағы университет залында тыңдаған едім. Енді Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатыстым. Бұл – мен үшін зор мерей. Жастық жалынымызды Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына арнай береміз.

Айнамкөз ӘБІЛХАН, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенті, Н.Назарбаев атындағы стипендия иегері.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз