Мемлекеттік қызметші әдептен озбауы керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арналған кезекті Жолдауында еліміздегі мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипат алып, клиентке бағдарлануы үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өтті.
Бүгінде қоғам мемлекеттік қызметшіден біліктілікпен қатар әдептілікті, адалдық пен адамгершілікті және жоғары мәдениеттілікті талап етеді. Осы орайда азаматтардың атқарушы билік органдарына сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырудың, оның ішінде адал да абыройлы қызметімен құрметке лайықты мемлекеттік қызметшілердің озық тәжірибесін кеңінен таратып, насихаттаудың маңызы зор.
Жасыратыны жоқ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтамауы әр түрлі құқықбұзушылықтар мен қызметтік мансабын теріс пайдаланушылыққа әкеліп соқтырады.Сондықтан, әдеп нормаларын мінсіз сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеті, басты ұстанымына айналуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау мәселелері Атыраудағы Абай орталығында өткен семинар-кеңесте кеңінен талқыланды. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдігі ұйымдастырды. Басқосуды аталған министрліктің құрамындағы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің әдеп жөніндегі уәкілі Асқар Сәрсенбин кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.
Алдымен республикалық ведомоствоның Әдеп жөніндепі уөкілі Илхам Аметов күн төртібіндегі мәселе төңірегінде салада атқарылып жатқан жұмыстардың жағдайын баяндады.
– Бүгінгі таңда министрліктің кадр құрамы 3 953 мемлекеттік қызметшіден тұрады. Олардың 3 501-і немесе 88,5 пайызы министрлікке бағынышты комитеттердің, аумақтық инспекциялар мен департаменттердің құрамында қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасау, сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге бару деректері жыл санап азайып келеді, — деді Илхам Бақтыбайұлы.
Бұдан кейін мінберге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермахамбетов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин өз салаларында атқарылған жұмыстарды баяндады. Спикерлер еліміздің мемлекеттік қызмет саласында жүзеге асырылып жатқан реформаларға, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысында және жұмыстан тыс мезгілде заңмен бекітілген әдеп нормалары мен қабылданған әдеп стандарттарын сақтауы, қызметін соған сай атқаруына қажетті жайларға тоқталды. Осы бағыттарда жан-жақты түсінік-кеңестер, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Семинар-кеңесте айтылған әңгіменің түйіні – атқаратын қызметі мен пауазымына қарамастан, қандай жағдайда да мемлекеттік қызметшінің әдептен озбай, жеке басының пайдасын ойламай, қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары қою – басты талап пен ұстанымға айналуы тиіс, дегенге тірелді.
Соңынан облыстық аумақтық инспекциялардың, департаменттер мен басқармалардың жеке құрамымен кездесулер өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп женіндегі уәкіпі Илхам Аметов мемлекеттік қызметшілерді жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ