Мемлекет дамуының негізі
Кез-келген мемлекет үшін Президент сайлауы – әрқашан өте маңызды және айтулы оқиға. Сондықтан әрқайсымыз белсенді азаматтық ұстанымымызды көрсетуіміз керек.
Кезектен тыс сайлаудан экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрғыдан үлкен, оң өзгерістер күтемін. Бұл мемлекетіміздің тұрақты даму жолындағы тағы бір қадамы. Азаматтық орталықтың негізгі міндеті – азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдау. Қазір облыста 712 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 100-ге жуығы біздің орталықтың көмегімен ашылды.
Біз қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде үкіметтік емес ұйымдардың ірі компаниялармен, жеке кәсіпкерлермен өзара іс-қимылын күшейтуге үлкен үміт артамыз. Бұған қоса, маңызды ұстанымның бірі – ҮЕҰ әлеуетін арттыру.
Жанат ДОСҚАЛИЕВА,
“Азаматтық орталық” КММ-нің директоры