Жарнама
Саясат

Мектеп кезінен жағдай жасалуы керек

43158689_282752745675360_424890402944843776_n

Абылай Құрметұлы, «Жас Отан» Жастар Қанатының қалалық төрағасы:

Елбасының бүгінгі Жолдауында айтылған негізгі мәселелерге тоқталып өтсем:  бірінші, қазіргі мектептердің жағдайы шынымен көңілге қонымсыз. Себебі, үш маусымда оқитын мектептердің бар екенін ескерсек, 600 бала оқитын мектепте 1200 немесе 1800 бала оқиды. Сондықтан, мұндай жағдай балалардың қолайлы білім алуларына кедергі болады. Егер оларға мектеп кезінен бастап жақсы жағдай жасалса, осы  мәселені оңай шешуге болады. Сонда ғана мемлекетіміздің өркендеуіне ықпал етеді.

Екіншіден, мемлекеттік қызметшілердің жалақысының өсуі. Соның ішінде, кадрларды қысқарту мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттігін арттырады. Осы реализацияға тоқталатын болса, мемлекеттік қызметтерде тек қана білімді, еңбекққор адамдар жұмыс жасайды.

Үшіншіден, Елбасымыз 2019 жылды Жастар жылы деп атады. Келер жылы жастардың жобаларын, иделяарын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік болары сөзсіз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button