Жарнама
Саясат

Мәжілісте бұралқы иттерді ату мәселесі де талқыланып жатыр

Экология және табиғи ресрустар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким Мәжіліске түскен заң жобасында бұралқы иттерді ату мәселесі де талқыланып жатқанын айтты. 

«Бұған дейін заң үйсіз жануарлардың санын реттеуде атуға мүлдем тыйым салатын. Қазір осы төңіректегі заңнама өзгерістері қандай сатыда? Қандай баптар қалып, қандай баптар алынуы мүмкін?» деп сұрады БАҚ өкілі.

Комитет өкілінің айтуныша, Мәжілісте үйсіз жануарлардың тағдырына қатысты бірнеше ұсыныс қаралып жатыр.

«Түзету талқыланып жатыр. Қазіргі таңда Мәжіліс түзетулер пакетін қабылдап алды. Сондай-ақ, Сенат тарапынан бастамалар бар. Жануарларға жауапкершілікпен қарау бағытында түрлі тұжырымдамалар бар. Оның ішінде қайтарымсыз аулау бойынша да, „аулау, залалсыздандыру, вакциналау, қайта босату“ бағдарламасы жөнінде де ұсыныстар бар. Қазір нақты қай ұсыныс заңға енгізілетінін айта алмаймыз. Заң жобасы Парламентте жатыр», — деді Андрей Ким.

Сурет: Pixabay.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button