Жарнама
Саясат

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына кімдер кандидат ретінде тіркеле алады?

Қазақстан Республикасының 25 жасқа толған және соңғы он жыл бойы оның аумағында тұратын азамат Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат бола алады.

«Мәслихат депутаттығына 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады. Ал, мына адамдар Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттығына кандидат бола алмайды: Біріншіден, сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам, екінші – сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен танылған адам», — деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Парламент Мәжілісінің және облыстық мәслихат депутаттығына:

1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірле стіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне, яғни, филиалдары мен өкілдіктеріне және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button