Жарнама
Саясат

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев – Атырауда

Мәжіліс депутаты осындағы филиал төрағасының саяси кеңесшісі Әбілхан Сейтімұлымен бірге облыс орталығындағы онкологиялық деспансерде болып, еңбек ұжымымен кездесті.

Ол биылғы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мән-маңызына тоқталды.

– Халықтың басым көпшілігінің мәселелері осы жерде тоғысып жатады. Сондықтан сіздерге үлкен жауапкершілік жүктелген. Конституция екі жолмен ғана өзгереді. Оның бірі – референдум арқылы, енді бірі – Парламент арқылы. Бұған дейін Ата-заңымызда Парламент арқылы төрт рет өзгеріс болған еді. Бұл референдумда Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізілмек, – деді Серік Сәрсенұлы.

Кездесу барысында мекеменің бас дәрігері Эльмира Сапарова бастаған дәрігерлер төрт мәселе көтерді. Біріншіден, соңғы уақытта блогерлердің ақ халаттылардың атын қаралауы жиілеп кетккен. Әйтсе де, оларды тәртіпке шақырып жатқан ешкім жоқ.

Екіншіден, медицина қызметкерлерінің төменгі буыны алатын жалақы тым аз.

Үшіншіден, оларға баспана мен басқа да қажеттіліктеріне орай мемлекет тарапынан жеңілдік жасалмайды.

Төртіншіден, дәрігерлер несиенің үстеме пайызын азайтса деген ұсыныстарын жеткізді. Бұл ретте, Серік Сәрсенұлы несие алмауға құмартпауға кеңес берді. Бірақ, жиналғандар өкінішке қарай, несиесіз әлеуметтік жағдайды түзеу мүмкін болмай отырғанын ашық айтты.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты референдумның нәтижесінде халықтың әлеуметтік мәселелері шешімін табатынына сенім білдірді.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button