Жарнама
Саясат

«Мақсатымыз – ел бірлігін нығайту»

Мен Ассамблея жұмысымен алғаш университет қабырғасында жүргенімде  танысқан болатынмын. Ал бүгінде  қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, жастарды белсенді қоғамдық қызметке тарту мақсатында жұмыстар атқарып келемін. Жастарды біріктіріп, ел үшін қызмет етуге тәрбиелеуге бағытталған жоспарымыз ауқымды.

Біздің ұйым Қостанай облысында орын алған өрт кезінде оқиға орнына алғашқы болып жетіп, жергілікті тұрғындарға қолұшын созғандардың бірі.  ҚХА өрттен зардап шеккендер үшін 60 млн. теңге жинап, қайырымдылыққа жұмсады. Сол кезде тек біздер ғана емес, еріктілер елдің түкпір-түкпірінен бас қосып, бір үйдің баласындай қостанайлықтарға демеу болды. Сол сәттегі сырт көз қазақстандықтардың ауызбіршілігіне тағы бір мәрте куә болды. Президенттің өзі келіп, волонтерлардың жұмысын елеп ескергені, біздерді  рухтандыра түсті. Онымен қоса, Әулиекөлде өртке оранған орманда біздер 100-ге жуық ағаш отырғызып қайттық. Бүгін біз өңірде тұрып жатқан түрлі ұлт мен ұлыс өкілдерін бір адамның баласындай біріктіріп, ұйытып отыратын үлкен күшке айналудамыз. Көптеген қайырымдылық акциялары мен интеллектуалды ойындар және тағы басқа  жұмыстарды белсенді іске асырып келе жатқанымызды да мақтанышпен айта аламыз.

Алдымыда отандастырымыздың рухын, ұлылығы мен еркіндігін бейнелейтін еңселі мереке – Республика күні келе жатыр. Әлем елдері үшін бейбітшіліктің символына айналған біздің Республикамыздың әр кез бірлігін сақтап, берекесін арттыруды басты мақсатымыз деп білеміз. Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі болса, ұлттық мереке деп – тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен оқиғаларды атаймыз. Ал біз Ассамблея жастары, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарап, асыл мұрамызды, рухымызды және қазынамызды байытып қана қоймай, оны көздің қарашығындай сақтау жолында аянбай еңбектенетін боламыз.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button