
Саясат
Махамбетте армрестлингтен Азия және Әлем чемпионы Рахия Молдашева дауыс берді
Әйелдер арасында армрестлингтен бірнеше дүркін Азия және Әлем чемпионы Рахия Молдашева Махамбет ауданындағы №217 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Еліміздің болашағы үшін өз таңдау жасадым. Бүгінгі күн — тарихта қалатын маңызды дата. Ел болашағы шешілетін осынау маңызды күнді әр қазақстандық асыға күтті. Қазақстандықтарды жауапкершілік танытып, дауыс беруге шақырамын, — дейді ардагер спортшы.
Еске сала кетелік, Махамбет ауданында референдумға қатысуға құқығы бар 16780 азамат тіркелген.