Саясат
Махамбет ауданының әкімі референдумда дауыс берді
«Өнерпаз» мәдениет үйінде орналасқан №215 дауыс беру учаскесіне келушілердің қатары артуда. Аудан әкімі де еліміздің дамуына сеп болар референдумға келіп, өз таңдауын жасады.
— Бүгінгі күн — ертеңгі тарих. Конституцияға енгізілетін өзгерістермен жіті танысуға, референдумда дауыс беруді халыққа тапсырып отыр. Бұл дегеніміз — ел демократиясының алға жылжуының белгісі. Әрбір аудан тұрғыны референдумда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасайды деген сенімдемін,- деді аудан басшысы.
Айта кету керек, аталған сайлау учаскесіндегі дауыс берушілер саны 500-ге жуықтады.