Мен – Тәуелсіздіктің құрдасымын

5ac14e71 fe39 4f36 a873 b7783a26d6c6 Саясат

Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз, қол жеткен қасиетті құндылығымыз. Бұл – Алтай мен Атырау арасындағы ұланғайыр атырапты қасық қаны қалғанша қорғаған баһадүр батырлар мен Керей, Жәнібектен бастау алатын ұлт тұтастығын аңсаған тарихи тұлғалардың төгілген қаны, маңдай терінің өтеуі ретінде келген қастерлі жетістігіміз.

Жалпы, тәуелсіздіктің 30 жылдық белесі дегенімізбен, мұның бастауы 550 жыл бұрынғы қазақ хандығының та- рихымен ұштасады. Сан ғасырлар бойғы бабалар арманы, төккен қаны, терімен келген егемендік жолында талай тарты- стар, қантөгіс шайқастар аз болмады. Ұлт тарихының қайнар бастауында тұрған хан, батырлар заманынан кейінгі көшті жалғаған Алаш көсемдерінің де көздегені осы – бодандықтан құтылу, ұлтының азаттығы. Бұдан кейінгі кезеңдерде орын алған талай оқиғалар қатарында 1986 жылғы желтоқсанның ызғарлы шағын да бастан кешкеніміз – бұрмаланбайтын тарихи шындық.

Осынау сұрапыл шақтардың бәрінен өтудің артында тәуелсіздіктің ақ таңы

атқан арайлы шақ тұрды. Қазір егеменді еліміз – әлемге бірнеше қырынан үлгі боларлық, жетістіктерге жеткен мемлекет.

Жалпы, кешегі өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «отыз жылда 9,5 миллионнан астам сәби дүниеге келді. Олардың алдыңғы шебі орда бұзар отызға толып отыр. Бұл – көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буын» деп бізге зор баға берді. Мен тәуелсіздіктің құрдасы ретінде егеменді елмен бірге аяғыма тұрып, бірге өсіп, дамып келемін. Тәуелсіздіктің ұланы ретінде еліміз жет- кен жетістіктерді көріп қана қоймай, Қазақстандағы мүмкіндіктерді де пайда- ланудамын. Мейірімге толы отбасын- да өсіп, қалаған білімімді алдым, кәсібімді бастап, өзімді дамыттым. Дәл осындай мүмкіндіктер – мен секілді буын өкілдерінің бәріне тең қарастырылған жетістіктер. Демек, еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін өз біліміміз арқылы үлес қоса аламыз. Қазіргідей заманда, шүкір дейік, бейбітшілігімізді қарумен қорғаудың қажеттілігі жоқ. Білімді болсаң жеткілікті. Өнер үйреніп, кәсіп аш, білім алып, іс баста. Бізге артылған сенім мен үмітті ақтаудың шынайы белгісі осы!

Жастарға зор жауапкершілік жүктеліп отырған заманда аманатқа қиянат жасамаудың парқын біз терең түсінеміз. Сондықтан, еліміз, жеріміз үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Жастар білімді бол- са, тәуелсіздігіміз баянды болары анық. Елімнің жарқын болашағына сенемін!

Азамат АСЫЛБЕКОВ, 

кәсіпкер, қоғам белсендісі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз