МӘДЕНИ САЛА МАРҚАЙҒАН ТҰС
Облыс басшысының қолдауымен, өңіріміздің мәдениет саласында жасалынған игілікті істер өте көп. Атап айтқанда, өткен жылы Ұлы Отан соғысынан қайтпаған 13 мыңнан астам жерлесіміздің есімі жазылған ескерткіш қабырға, сонымен қатар, Ауған соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш орнатылды.
Исатай ауданының Аққыстау ауылында 400 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Исатай ауданының Тұщықұдық ауылындағы апатты жағдайдағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Жанбай ауылында 200 орындық, Индер ауданының Индербор кентінде 400 орындық мәдениет үйлерінің құрылыстары жүргізілуде. Махамбет атындағы қазақ драма театрына және облыстық халық шығармашылығы орталығына күрделі жөндеу жүргізілді. Көне заманнан бүгінге дейінгі 700-ден астам ақынның өлеңдері жинақталған он томдық «Жыр маржаны» қазақ поэзиясының антологиясы жарық көрді. Өнер ұжымдары концерттік бағдарламалармен Түркия, Түркіменстан және Ресейде гастрольдерде болды. Облыстың шығармашылық ұжымдары Оңтүстік Қазақстан облысында мәдениет күндерін өткізді.
Әбіл ЖОЛАМАНОВ, облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы.