Жарнама
Саясат

МАҢЫЗЫ ЗОР ҚҰЖАТ

«Нұр Отан» — Нұрлы болашақ жолында» атты партияның саяси Доктринасы туралы» аудандық ұйым саяси кеңесінің мүшесі, білім беру қызметкерлері кәсіподағы аудандық кеңесінің төрайымы Қ.Ахметова хабарлама жасады. Ол «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы партияның рөлін айқындайтын Доктринаның жеті факторын атап өтті. Конференцияда сөз алған Индер көпбейімді ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Б.Құнас пен Құрылыс территориялық бастауыш партия ұйымының хатшысы, М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі С.Кереш те жаңа Доктринаның тек қана партия мүшелерін ғана емес, еліміздің барлық азаматтарын біріктірудегі маңызына ерекше тоқталды. 
Аудандық конференция жұмысына қатынасқан облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев аудандық филиалдың жаңа төрағасының жұмысына сәттілік тілеп, алдағы қысқы науқанға тиянақты дайындалу, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстарды жандандырып, тұрғындарды ауыз сумен қамтуды түбегейлі шешу қажеттігін міндеттеді.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ,
Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button