Жарнама
Саясат

МҰРАТЫМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ

 

Рас, Қазақ елінің біртекті мәдениетін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бір ел – бір отбасы» деген ауқымды шарасы аясында үл-кен жұмыстар атқарып жүр. Халқымыздың өткен және қазіргі заманғы тарихы мен мәдениеті туралы фильмдер, хикаялар, арнайы бағдарламалар түсірілуде. Біртектілік дегенде, біртекті мәдениет дегенде, біз қайда бірігеміз десек, ұлттық құндылықтарымыздың, қазақ мәдениетінің айналасына бірігуіміз керек. Елбасымыздың тікелей қолдауымен жарық көрген қазақтың «1000 әні», «1000 күйі», Бабалар сөзінің 100 томдық жинағының өзі неге тұрады десеңізші!

Күні кеше Астанада Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ахмадиев: «Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» атты халыққа Жолдауында еліміздегі мәдени саясаттың тұжырымдамасын жасауды және бекітуді тапсырған болатын. Мәдени саясатты жүзеге асыру мәселесінде кеңес беруші орган ретінде, басқару және мәдени кластерді құру жұмысын үйлестіру үшін Президент  жанынан әдебиет және мәдениет кеңесі құрылуы мүмкін» деп мәлімдеді. Меніңше, бұл өте орынды болар еді. Өйткені, Ұлттық комиссия құрылғаны өз алдына, «Мәңгілік Ел» идеясын баянды етуде, оған халықты жұмылдыруда, насихаттауда әдебиет пен мәдениет, өнер өкілдерінің жұмысын жандандыру үшін ондай кеңес құру әбден қажет дер едім.

Өз басым бұрын ауыл шаруашылығы саласында еңбек етсем де, кейінгі кездері әдеби туындылар жазып, оның үстіне қазақ тарихына қатысты зерттеулер жүргізудемін. Биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне орай осы облыстық «Атырау» газетінде «Бөкей хан», «Әбілхайыр ханды елемеу әділеттілік пе?» деген тың деректер негізінде жазылған мақалаларым жарық көрді. Жәңгір хан туралы мұрағаттық ғылыми деректерге толы толғауымды да тапсырып қойдым. Мұның бәрі – кейінгі буынның тарихын танып-білуі, патриоттық рухы көтерілуі үшін, сайып келгенде, «Мәңгілік Ел» мұратын ақиқатқа айналдыруымыз үшін қажет.

Өмірзақ ҚАЖЫМҒАЛИЕВ,

өлкетанушы-ғалым, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button