Мұнайлы аймақтың шырайлы шаһары
— Сіз арызыңызды Ақсай селолық округіне бергендіктен ресми жауапты сол жерден біле аласыз. Сіз қазіргі уақытта кезекте №1346 болып тіркелгенсіз.
— Сәлеметсіз бе, Серік Кенғанұлы! Баламды Атырау қаласына мектепке орналастырайын дегенмін, бірақ тіркеуде болуы керек екен. Қазіргі уақытта балам екеуміз Ақтөбе облысында тіркеуде тұрмыз. Менің осында жұмыс жасап жатқаныма бір жыл болды, өзімнің баспанам жоқ. Баламды мектепке тіркеусіз орналастыруға мүмкіндік бар ма, әлде тіркелуі міндетті ме?
— Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы №631 «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес үш ай мерзімнен асатын мерзімге уақытша тұруға, қонаққа, іссапарға, жұмысқа, оқуға, тағылымдамаға, емделуге келетін Қазақстан Республикасының азаматтары бұрынғы жерінен тіркеуден шығарылмай, жалпыға ортақ тәртіппен уақытша тұратын жері бойынша бір жыл мерзімге дейінгі аралықта тіркеле алады.
Соған сәйкес, уақытша тіркеуде тұру үшін Сіз халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тұрғын үй құжаттары мен үй иесінің жазбаша келісімі бойынша тіркеле аласыз. Сіз осы аталғандардың негізінде балаңызды тіркелген жеріңіздегі мектепке бере аласыз.
— Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлу жөніндегі шешімдер үй салатын аумақтарға инженерлік инфрақұрылым жүйелері (электр, су, газ, жол) толықтай жүргізілгеннен кейін берілетін болады.
— Биыл Ақжар селосының Нұржанов көшесі жол құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауды қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Сонымен қатар, көше бойымен жүргізілген жоғары кернеудегі электр желісінің орнын ауыстыру мәселесі де қарастырылуда. Жобалық-сметалық құжаттар жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, сонымен қатар, қажетті қаражат мәселесі шешіліп, мердігер мекеме анықталғаннан соң ғана құрылыс жұмыстары басталады.
— Мен Мирас мөлтекауданы, Мұнайшылар көшесі,12 үйде тұрамын. Біздің ықшамауданда тек біздің көшеде ғана жол жоқ. Барлық көшеге жол төсеп, бір көшені неге жөндемей тастап кеткен?
— Бүгінгі күні асфальтталмаған және жартылай асфальтталған көшелердің тізімі жасалып, жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтіп, тиісті қаражат бөлінгеннен кейін, сондай-ақ, мердігер мекеме анықталғаннан соң ғана құрылыс жұмыстары басталады.
— Сәлеметсіз бе! «Қолжетімді баспана-2020» («Жас отбасы-2020») бағдарламасы бойынша тұрғын үйге үміткерлер тізімі қашан жарияланады? Және комиссияның жұмысы қаншалықты ашық?
— 2013 жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша 700 жас отбасына төлем қабілеттілігін анықтау үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына жолдама беріліп, қазіргі уақытта олардың 183-інің төлем қабілеттілігі анықталды.
Құрылысы біткен тұрғын үйлер қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің теңгеріміне тапсырылғаннан кейін, төлем қабілеттілігі расталған жас отбасылардың құжаттары комиссия отырысында балдық жүйе бойынша (балдың ең көп саны бойынша) қаралатын болады. Ал, төмен балл иеленген жас отбасылар жылдың аяғына дейін құрылысы бітуі жоспарланған үйлерден пәтер алуға үміткер болып есептеледі. Комиссия отырысының қорытындысымен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінде танысуыңызға болады. Комиссия отырыстары ашық және жариялы түрде өтеді.
— Мен Уразалиева Рахима, 2004 жылы ақпан айында жер телімін алуға тіркелген болатынмын. Жолдасым әскери қызметкер, Сағыздағы әскери бөлімде жұмыс жасады. 1988 жылы қызметте жүрген кезінде көлік апатынан қаза тапты. Осы әскери қызметкердің жесірі ретінде жер телімін алуға көмек болар ма екен? Қазіргі таңда өзімнің білуімше 487-ші болып тіркеуде тұрмын. Рахмет!
— Елді мекендер аумағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес дайындалған құрылыс жобалары негізінде жүргізіледі. Құрылыс жобалары дайын болғаннан кейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының заңдылықтарында белгіленген тәртіп бойынша бірінші кезекте 2002-2004 жылдары кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
Сіздің жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлу жөніндегі арызыңыз қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде №463 болып тіркелген.
Жер учаскесін алу кезегінде 2004 жылдан бері тұрғандықтан Сізге қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жолығып, жер учаскесін нақты қай аумақтан алғыңыз келетіндігін хабарлауыңыз қажет.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру инженерлік коммуникация желілері толықтай жүргізілгенге дейін уақытша тоқтатылғанын қаперіңізге беремін.
— Балабақшаға жолдама алғаннан кейін, әрбір ата-ана тиісті балабақшаның басшысына жолдаманы апарып, баланың медициналық тексеруден өту мерзімін әкімшілікпен келісуі қажет. Жолдаманың 10 күн мерзімге дейінгі жарамдылығы заңда көрсетілмегендіктен, жолдама жылдың соңына дейін жарамды.
— Сәлеметсіз бе! Елтаңбасыз мөрді жасатуға рұқсат алу туралы толық кеңесті қайдан алуыма болады?
— Елтаңбасыз мөрлер мен мөртабандарды дайындау үшін рұқсат алу мәселесі бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы №1333 «Штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен реттеліп отырған. Жоғарыда аталған ережелерге сәйкес тиісті рұқсатты осы уақытқа дейін ішкі істер органдары беріп келді. Бірақ, аталған Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №1474 қаулысымен күшін жойды.
Бұл қаулы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі №36 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын орындау мақсатында қабылданған.
Сондықтан, қазіргі уақытта аталған кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысу үшін мемлекеттік органдардан қандайма болмасын рұқсат алудың қажеттілігі жоқ.
Наталья
ШАРАФУТДИНОВА
— 2012 жылы «Авангард-2» ықшамауданындағы №3 үйге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған үй тұрғындарының ұсынысы бойынша тұрғын үйдің күнқағар шатырларының техникалық жағдайы қайта тексеріліп, нәтижесінде осыған дейін сметалық құжаттарда қарастырылмаған тұрғын үйдің күнқағар шатырларына қосымша жөндеу жұмыстары жүргізілді (пәтер иелерінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы жиналыс хаттамасы). Сметаға сәйкес бетон плиталар жөнделіп, қосымша тіректермен күшейтілді. Ағаш құрылғылардан жасалған қаңқалар (каркастар) орнатылып, ақ және көк түсті профилдік қаңылтырлармен қапталды.
— Жол құрылысы жобалық-сметалық құжаттары жасақталған нысандарға ғана жүргізіледі. Бүгінгі күні «Самал» ықшамауданындағы жолдар жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауды қажет ететін нысандар тізіміне енгізілді. Жобалық-сметалық құжаттар жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, сонымен қатар, қажетті қаражат мәселесі шешіліп, мердігер мекеме анықталғаннан соң ғана құрылыс жұмыстары басталады.
«Самал» ықшамауданы арқылы қатынайтын қалалық маршрут ашу мәселесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мамандарымен зерттеліп, құжаттары тендерлік комиссия отырысында қаралатын болады.
— Санитарлық норма талаптарына сәйкес, қоқыс контейнерлері тұрғын үйлерден 25 метрден 100 метрге дейінгі арақашықтықта орнатылуы тиіс. Аталған контейнер Сіздің үйіңізден 30 метр қашықтықта орнатылғандықтан санитарлық талаптарға қайшы келмейді. Алайда, Сіздің өтінішіңізді ескере отырып, менің тарапымнан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне аталған қоқыс контейнерінің орнын ауыстыру мәселесін қарау жөнінде арнайы тапсырма берілді.
— Біздің қаламыздағы «Қиял әлемі» ойын ойнап, көңіл көтеруге жақсы еді, оны ашуға немесе орнына басқасын салуға болмай ма, мүмкіншілік жетеді ғой.
— «Қиял әлемі» ойын-сауық кешенінің меншік иесі жеке компания болып табылады. Қазіргі уақытта компания жұмыс бағытын өзгертіп, бизнестің басқа түрімен айналысуда.
Бүгінгі күні қалада «РетроПарк», «Жастар демалыс саябағының» құрылысын жүргізу жөнінде шешім қабылданды. Аталған саябақтарда балалардың ойын аттракциондары орнатылатын болады.
Сонымен қатар, қала кәсіпкерлері бірнеше сауда, ойын-сауық орталықтарын салуды жоспарлап отыр.
— Бүгінгі таңда Ө.Рысқалиев (бұрынғы Бейбітшілік) көшесі жол құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттарды жасақтайтын нысандар тізіміне енгізілді. Жобалық-сметалық құжаттар жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, сонымен қатар, қажетті қаражат мәселесі шешіліп, мердігер мекеме анықталғаннан соң ғана құрылыс жұмыстары басталады.
Округтегі қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау жұмыстарымен «Батур» ЖШС айналысады. Сіздің ескертулеріңіз қаперге алынып, селолық округ әкіміне елді мекеннің санитарлық жағдайын қалыпқа келтіру мәселесін шешу тапсырылды. Сонымен қатар, қосымша қоқыс контейнерлерін қондыру шаралары алынатын болады.
Нұрбол ТӨЛЕПОВ.
— Сіз бюджеттік мекеме қызметкері ретінде 2009 жылдың 20 қарашасынан бастап тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің тізіміне тіркелгенсіз. Бүгінгі күні кезектегі реттік саныңыз – №1186.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес аталған тiзiмдерге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Сол себепті аталмыш тiзiмдерге енгiзiлген азаматтардың ешқайсысына да басымдық құқығы берілмейді. Сондықтан, Сіздің өтінішіңіз заң талаптарына сәйкес кезек бойынша қанағаттандырылады.
Құрметпен,
— Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес азаматтардың инфрақұрылым желілерін жүргізуге жұмсаған шығындарын төлеу үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылмаған. Сондықтан, Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыруға мүмкіндік жоқ.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына сәйкес, алдағы уақытта жер учаскелері тек инженерлік коммуникациялар жүргізілген аумақтардан берілетіндігін қосымша хабарлаймын.
— Қайырлы күн! Біз Досмұхамедов көшесі 93 үй тұрғындары, өзіміз дара кондоминиум құрғымыз келеді, сол бойынша бізге қандай кеңес бересіз?
— Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35-бабына сәйкес үй-жайлардың иелері ортақ мүлік пен үйді күтіп ұстауға жұмсалатын барлық шығындарға қатысуға міндетті және ортақ мүліктің және дара меншіктегі үй-жайлардың сақталуы мен қауіпсіз пайдалануына жауапты деп саналады.
ПИК болмаған жағдайда, сізге пәтер иелерінің жалпы жиналысында тұрғын үйді басқару мен күтіп-ұстау мәселесін қарап, соған байланысты шешім қабылдау қажет. Сонымен қатар, пәтер иелерінің жалпы жиналысында ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес басқару нысанының төмендегідей түрлерінің бірі таңдалады. Олар:
1.Егер барлық меншік иелерінің саны 20 адамнан аспаса, олардың тікелей бірлесіп басқаруы;
2. Пәтер иелері кооперативі;
3. Кондоминиум объектісін үшінші тұлғалардың: сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғалардың – тұрғын үйлерді басқарушылардың немесе заңды тұлғалардың басқаруы;
4. ҚР заңдарына қайшы келмейтін өзге де нысандар.
Осы мәселе бойынша қосымша ақпарат алу үшін Қалалық тұрғын үй инспекциясына хабарласуыңыз сұралады. Мекен-жайы: Азаттық даңғылы101а, байланыс телефоны: 254229.
— Бүгінгі таңда «НКПОК» компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы бойынша Атырау қаласы Ақжайық селосындағы 120 орындық М.Отаралиев атындағы орта мектептің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасақталуда. Келісім-шартқа сәйкес барлық жобалау құжаттарын аяқтау мерзімі 2014 жылға жоспарланған.
Атырау қаласы.
— Сіз 2005 жылдың 17 ақпанынан бастап тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік және бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің тізіміне тіркелгенсіз. Бүгінгі күні кезектегі реттік саныңыз — №225.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тiзiміне енгізілгендердің құқықтары тең деп танылады. Сол себепті аталмыш тiзiмдерге енгiзiлген азаматтардың ешқайсысына да басымдық құқық берілмейді. Сондықтан, Сіздің өтінішіңіз заң талаптарына сәйкес кезек бойынша қанағаттандырылады. Сіздің кезегіңізге қарайтын болсақ, пәтер мәселесі алдағы жылы шешілуі мүмкіндігін хабарлаймын.
— Қайырлы күн, мен осы жылы наурыз айының соңында Сіздің қабылдауыңызда болдым. Маған айтқандай, квота мен үй мәселесі шешілмеді. Мен өз жатақхана бөлмемді сатып, қазір баламмен далада қалдым. Ал, Ж.Қарағаев мырза жай ғана өзін мазаламауды өтінді. Не істеймін? Мен сирек кездесетін ауру мүгедегімін, менің жағдайым өте ауыр. Енді қайда барамын?
— Сіздің сирек кездесетін науқас түрімен ауруыңызға байланысты квота бөлу мәселесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шешеді. Қалыптасқан тәртіпке сәйкес, біздің тарапымыздан облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыным берілді. Осы ұсынымның негізінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы министрлікке өз ұсынымын беруі тиіс. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынымды мақұлдағаннан кейін Сізге квота бөлінетін болады.
Тұрғын үй мәселесі бойынша Сізге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне хабарласу қажет.