![Жалпыхалықтық референдум: махамбеттіктер белсенділік танытуда 1 01c0406e 39ca 4afe acd6 b28ed8f70b30](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/06/01c0406e-39ca-4afe-acd6-b28ed8f70b30.jpeg)
Жалпыхалықтық референдум: махамбеттіктер белсенділік танытуда
Ата Заң реформаланып, ондағы 33 бапқа түзету енгізілетін маңызды оқиғаға махамбеттіктер белсенді түрде қатысуда. Махамбет аудандық балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінде орналасқан №216 референдум учаскесінде 1423 қатысушы тіркелген.
Үміт пен күдік аралас бұл кезеңде аталған учаскеге өз таңдауын жасауға келгендер қатарында банк бөлімшесінің бастығы, өрт сөндіру қызметінің мамандары, ауылдың зиялы қауымдары болды.
![Жалпыхалықтық референдум: махамбеттіктер белсенділік танытуда 2 41cca7d2-f3f2-4538-8ad2-d77ed1dde587](https://zh-shugylasy.kz/images/41cca7d2-f3f2-4538-8ad2-d77ed1dde587.jpeg)
— Конституцияға әртүрлі өзгеріс мен толықтырулар жасалып жатыр. Осы уақытқа дейін олардың барлығымен жіті таныстым. Бүгінгі күні референдумға келіп, өз даусымызды беріп жатырмыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай,- дейді Махамбет ауданының Құрметті азаматы Ж.Сұлтанов.
Айта кетейік, ел тарихында екінші рет өтіп отырған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ