Саясат
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА – ТИІМДІ ЖАҒДАЙ
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі біліммен барынша қамту үшін білім беру мекемелерінің жанында түзету топтарын ашу ұсынылады. Сонымен бірге, «Инклюзивті оқытуды дамыту» кешенді жоспары аясында ондай балалар үшін қосымша білімге қол жеткізудің мүмкіндігі артады», — деді спикер.
Ұлттық комиссияның мүшесі Жұлдыз Омарбекова өз кезегінде өңірлерде арнайы білім беру ұйымдарын мультимедиялық оқыту құралдарымен, интерактив тақталарымен қамтылуын 100%-ға жеткізуге бағытталған жұмыс жүргізіліп жатқанын қосты. «Бұл балалардың әлеуметтенуіне, оларды оқытудың сапасын арттыруға жағдай жасайды», — деп қорытындылады спикер.