Жарнама
Саясат

ҰЛТТЫ ҰЙЫТАР ҰЛЫ СӨЗ

 Тұрақтылық- дамуымыздың кепілі
atyraБатыржан МАНСҰРОВ,
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі,
«Иманғали» мешітінің бас имамы. 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан хал-қына «Нұрлы Жол» атты жаңа Жолдауын жариялап, еліміздің алдағы даму жоспарын нақты анықтап берді. Осыған дейінгі сыннан сүрінбей өткен саяси, экономикалық және рухани бағыттарымызды Мәңгілік Ел стратегиясымен ұштастыру міндетін тағы да алға қойды. Бұл ретте әр ісіміз тұрақтылықты бағалай білгеннің арқасында жүзеге асатынын баса айтты. 
Жолдаудағы Елбасының «Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен дінін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» деген жолдары ерекше әсер етті. Расымен де, тұрақтылықты нығайтып, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы бейбітшілікті сақтай аламыз. Егер өз Отанымызда алауыздық болып, бірімізді біріміз көре алмай, шетке ысырып жатсақ, онда бүгінгі жеткен жетістіктерге қол жеткізе алмас едік. Сондықтан, Ел бірлігін өскелең ұрпаққа аманаттар басты құндылық екенін қашанда естен шығармағанымыз абзал. Бұл елім деген әр азаматтың басты міндеті болуы шарт.
Айта кетерлігі, ел тыныштығын сақтауда дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын терең ұғынуымыз қажет. Бүгінге дейін ата-бабамыздың көздің қарашығындай сақтап келе жатқан бұл құндылықты одан әрі насихаттай түскеніміз жөн. Себебі, бүгінгі күні дәстүрлі ислам дінінің атын жамылған теріс ағымдар көбеюде, олар арам пиғылдарын іске асырғысы келеді. Жастардың санасын улайтын діни түсінік қалыптастыруға бет бұрып жатқаны рас. Ал, теріс діни бағыттың ұстанымдарына уланған жастың бетін кері қайтару оңай емес. Осындай келеңсіздікке жол бермеуді алға қойған Президент «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!» деді.
Ендігі уақытта Елбасының салып берген Нұрлы Жолымен әр азамат аянбай одан әрі тер төгіп, қажырлы еңбек етуі керек. Бірлігімізді өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім, ешқашан сырттан келіп жасамайтыны анық.
Бүгінге дейін ел тұрақтылығын сақтауда аймақта жат ағымдармен күресіп, терроризм мен экстремизмнің алдын алуда барлық құрылым жұдырықтай жұмылып, жұмыс жасауда. Осы бағытта биыл дін қызмкеткерлерімен бірқатар кездесу, үгіт-насихат жұмыстары өткізілді. Мұндай кездесулер түрмелерді, мүгедектер мен қарттар үйін, балалар үйін де  қамтыды. Имамдардың жұмысының нәтижелі болуы үгіт-насихат жұмыстарынан көрінетіні анық. Бұл тарапта атыраулық имам-молдалар мен ұстаздар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен де тығыз жұмыс жасауда. Соның нәтижесінде  теріс діни ағымда жүрген бірнеше азамат райынан қайтып, дәстүрлі ислам дінінің бағыттарын толық түсінді.
Десек те, тоқмейілсуге болмайтындығын жүректерімен түйсінетін атыраулық имамдарға Елбасының жаңа Жолдауы одан әрі жұдырықтай жұмылуға күш береді.
Бұған дейін атқарылған іс көп болса да, «Нұрлы Жол» атты Жолдау жүктеген міндеттер алдымызда атқарар жұмыстың одан көп  екендігін білдіреді.
 
Үлкен  мүмкіндіктер  кезеңі
aylkennБақытгүл ХАМЕНОВА,
Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры,
Атырау қалалық мәслихатының депутаты,
«Нұр Отан» партиясының саяси кеңес мүшесі.
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылғы халыққа арнаған Жолдауын жылдағыдан ерте ұсынды. Мұның да өзіндік мәні бар. Президенттің өзі атап өткендей, бүгінгі күн әлемдік жаңа сынақтар мен дағдарыстарға толы. Осындай күрделі кезеңнің алдын алу мақсатында қабылданған бұл маңызды құжат жаңа бетбұрыстардың бастауы деп түсінемін.
Жолдауды тыңдай отырып, көкейімізде жігер-қайрат оты маздап, жалпыұлттық идеямыз — «Мәңгілік ел» деген ұғымның құдіретіне бас игендей болдық. Еліміздің жарқын болашағына деген терең мақтаныш сезімі жанымды баурады.
Мен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес мүшесі ретінде осы тарихи сәтке қатысу бақытына ие болдым. Алған әсерімде шек жоқ. Қатысқан адамдардың барлығы да Мемлекет басшысының көрегендігі мен «елім» деп соққан жүрегінің дүрсілін көзбен көріп, жандарымен сезінгендей болды.
Жолдаудың идеясы өте нақты, ұғынықты, көтерілген мәселелер жинақы болды. Елбасы қазіргі уақыт марғаулықты көтермейтінін баса айтып, Үкіметке Жолдауға байланысты елу күннің ішінде тапсырмалардың тиянақты әрі аса дәлдікпен орындалуын тапсырды. Мен, Елбасының қайратты келбеті мен жасындай жарқылдаған уытты сөздерін тыңдап отырып, бұл тапсырмалардың барлығы да халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайларының жақсаруына, олардың бақытты да бақуатты өмір сүрулеріне жасалынған құтты қадам деп бағаладым.
Қандай тығырықтан болсын жол табу қашан да ауызбірлік пен өнімді еңбекке, экономикалық ұмтылыстардың нәтижесіне байланысты.Жаңа Жолдаудың «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол»деп аталуына Жаңа Экономикалық Саясат негіз болып отыр. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы ел экономикасындағы құрылымдық реформалардың жанды жалғасы.
Елбасы қазақстандықтарды тығырыққа тіремеудің жолдарын анық айқындап, экономикалық қаржы көлемін, экономикамыздың өсу жолдарын нақтылап берді. Жолдаудың өн бойында көптеген мәселелер қозғалды. Шынын айтсақ, осы қалайы жоқ. Әлемдік экономикалық бәсекелестіктің күшейіп отырғандығын ескере отырып, экономикалық жоспарларға өзгерістар енгізілуі Елбасының сындарлы, нық саясатының жемісі.
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты дамыған 30 елдің қатарына еркін кіруге жасалған ғаламат қадам», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл — барша Қазақстан халқының көкейіне болашаққа деген үлкен сенім ұялатты. Бұған қоса Елбасы мемлекетіміздің көптеген экономикалық-қаржылық дағдарыстардан аман-есен шыққанын, алдағы уақытта да мұндай экономикалық қиыншылықтарға да дайын болуымыз керектігін баса айтты. Президенттің жемқорлықты жоймай болашақтан жақсылық күтудің қажеті жоқ екендігін білдірген пікірін толғаныссыз тыңдау мүмкін емес еді.
Әсіресе, мұнай мен экспорттық өнімдерге баға жоғары болған кезде шикізат өнімдерінен түскен пайданың сақталып, көбейтіліп, Ұлттық қорда халықтың ертеңгі күні үшін сақталуы, осы жинақты қажет кезінде еркін пайдалану мүмкіндігінің бар екендігі туралы естіп, білудің өзі ертеңгі күнге деген әр қазақстандықтың сенімін нықтап, көңілдеріне қуаныш ұялатқандай.
Қоғамымыздың басты құжаты — Жолдау біздің алдымызға зор міндет қойып отыр. Бұл барша халыққа үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазақстандай ортақ үйімізге керегі бейбіт өмір, жастарымызға жарқын болашақ, елдігімізге абырой-бедел. Ендеше, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барша әлеуметтің жұдырықша жұмылып, еселі еңбек етіп, туған еліміздің әлеуеті мен сәулеті үшін аянбай тер төгер кезі осы.
 
Ел экономикасының жаңа стратегиясы
aelecӨнербек ЖАНБАЛА,
облыстық мәслихаттың депутаты.
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауын жариялады. Маған осы тарихи жағдайдың куәсі болудың сәті түсті.
 
Бұл жаңа экономикалық саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатыны сөзсіз. Таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болатыны жөнінде ресми емес дерек көздері жарыса жариялап жатқанда, Елбасы бүкіл дүние жүзін экономикалық сынақ күтіп тұрғанын халық алдына ашық айтты. Тек айтып қана қойған жоқ, осы күрделі кезеңнен тиісінше өтіп кетудің нақты жолдарын да ашып көрсетті. Және босқа уақыт өткізбей, нақты іске кірісу керектігін баса ескертті. Өйткені, бұл жағдай бағаның құлдырап кетуіне және экономика өсімінің тоқырауына әкеліп соғуы мүмкін. Елбасы мұны да жасырмады. Бұл да Президенттің халқына жақындығын тағы бір мәрте аңғартты.
Елбасының осы Жолдауы геосаяси жағдай қатты шиеленісіп тұрған тарихи күрделі кезеңде жарияланып отыр. Сондықтан, бұл мәселеге салғырт көзқарас тынытуға мүлдем болмайды. Бұл Жолдау ел дамуының күрделі кезеңіндегі жаңа экономикалық стратегиясы саналып отыр.
Аталған құжатта Елбасы жаңа жолдар салуға баса көңіл бөлген. Президент өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі деп бағалаған жол мәселесі бүгінгі күні өзектілігін арттыруда. Өйткені, жолдардың сапасыздығынан, өкінішке орай, жол-көлік апаттары жиі көрініс тауып отыр. Менің ойымша, жаңа жолдар салу, жаңарту ұлттық идеологияның негізіне айналуы керек. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысса, бұл да көптеген толғақты мәселелерді оңай шешуге үлкен жол ашпақ.
Елбасы Н.Назарбаев алдыңғы кезекте жобасы жүзеге асырылуы қажет негізгі автожолдар тізімінде Атырау – Астрахань тас жолын да атады. Бұл мәселе атыраулықтардың Үкімет алдына қойып жүрген және Парламент депутаттармен кездескенде жиі айтылатын мәселенің бірі еді. Енді, міне, Президент өзі бастап осы мәселені шешуге тапсырма жүктеп отыр. Мұның өзі Еуразиялық экономикалық одақ аясында ресейліктермен халықаралық қатынасымыздың одан әрі дами түсуіне сеп болады.
 
Көрегенділік көкжиегі
akorgenӘліпқали БЕКЕШ,
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау қалалық филиалының төрағасы, Атырау қаласының Құрметті азаматы.
 
Көпті көрген, жасы үлкен кісі ретінде мен Елбасымыздың: «…Халықтың сенімін ақтау үшін қиын-қыстау жағдайда елді аман-есен алып шығу жағдайларын ойлау керек. Алдымызда тұрған екі-үш жыл оңай болмайды.
Бүкіл дүниеге де, елімізге де. Сондықтан, не істеуіміз керек, қандай шаралар қолдануымыз керек, осыған байланысты мен Жолдауды ертерек жолдайын деп отырмын,» — деген шынайы лебізіне сондай разы болдым. Себебі, Нұрсұлтан Әбішұлы ел ішін, халықтың әл-ауқатын жақсы біледі.
Шүкір, қазір біздің халқымыздың әл-ауқаты жақсы, тұрмысымыз түзелді, зейнетақыны уақытылы аламыз. Еңбеккерлердің орташа жалақылары да аз емес, студенттердің шәкіртақылары да өсуде. Бұларға қоса жаңа Жолдауда несиеге алатын баспананың ақысын төмендету, мүмкіндігінше тиімді жолдарын қарастыру көзделуде. Бұл туралы Жолдауда: «…Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз,» — делінген. Ал, бұл –көптеген  тұрғын үйге мұқтаж қазақстандық үшін айтарлықтай көмек.
Біз көреген Президентіміздің сарабдал саясаты арқасында ешқандай қиындық көрмей, бақытты да нұрлы өмірге жетеміз деп сеніммен айта аламыз.
 
Нақты  істердің  бастауы
 
anajtuМұхамбетқали ҚАЛИЕВ,
«Атырау жылу-электр орталығы» АҚ-ның
президенті, облыстық мәслихат депутаты.
 
Жалпы, Мемлекет басшысының әр сөзі үлкен маңызға ие. Әйтсе де, бұл жолғы айтқандары – алға қойып отырған айқын мақсат. Алдымыздағы жылдан бастап жүзеге асатын мерейлі міндеттер белгіленіп, нақты тапсырмалар берілді.
Елбасы Жолдауында Атырауда салынатын Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркіне айрықша назар аударылды. Оның инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті қаражат бөлінбекші. Сол арқылы қыруар инвестиция тартылмақшы. Өңір ғана емес, күллі республика экономикасы дамымақ.
Дегенмен, әлемдік нарықта көмірсутегі шикізаты бағасының төмендеуі сыртқа негізінен «қара алтын» шығаратын Қазақстан үшін біраз қиындықтар туғызбақшы. Оның үстіне, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан алдымыздағы бірер жылда экономиканың даму қарқыны тежелетіндігі айтылуда. Бұл дағдарыс барша әлем елдерін қамтиды. Сондықтан, барлық мемлекет осы үдеріске дайындалуда. Өзінің қауіпсіздігін қорғауға жұмыстануда. Әрине, одан біз де тыс қалмаймыз. Мұны Елбасы да жасырып отырған жоқ. Сондықтан, «Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді» деп ашық айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік бағыттағы бағдарламаларды жалғастыруды, қамқорлыққа зәру жандарды қолдауды тапсырды. Келешекте күтетін сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын ұсынды.
Біздің ұжымның жадында Елбасының кәсіпорында болып, тың энергетикалық қуаттарды қатарға қосқаны әлі сақтаулы. Сонда Мемлекет басшысы «Біз өзіміздің энергетикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуіміз керек» деген-ді. Осы жолғы Жолдауда да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен ауыз су және жылумен қамтуға баса назар аударылып отыр. Сонау 2020 жылға дейін әр жылы кем дегенде 200 млрд. теңге бөлінгенде барлығы екі триллион болады екен. Бұл — өте қомақты қаражат. Оның үстіне, әлемдік нарықта мұнай бағасы түсіп тұрғанда бұл бағытқа қыруар қаржы жұмсау – елімізде әлеуметтік саланы сауықтыруды жалғастыру. Кезінде Елбасының тікелей бастамасымен құрылған Ұлттық қордың пайдасы да осы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button