Жарнама
Саясат

Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізіледі

Алдағы референдумда заңның 33 бабына өзгеріс енгізілмекші, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штабтың өңірлік өкілдіктігінің ұйымдастыруымен өткен басқосуда талқыланды.
Үкіметтік емес ұйым мүшелерінің басын қосқан жиында көптің көкейіндегі саяси науқан — референдумның өзектілігі сөз болды.
«Расында биылғы қаңтар оқиғасы еліміз үшін үлкен сын болды. Бұл арқылы біз қоғамның әртүрлі көзқарасы мен елдің жанайқайын сезіндік. Жастардың жаңаша көзқарасы байқалды. Әрине, бұл оқиғаға тарих өз бағасын бере жатар. Бірақ, бір нәрсе анық, ол — жаңа бағытқа бет алған мемлекетімізге үлкен өзгерістер керек. Оған билік те, бұқара да дайын деп есептейміз» деді Атырау Бизнес және құқық колледж директоры, өңірлік қоғамдық қолдау штабының мүшесі Нұрлы Айтиева.
«Осы референдум — жаңа өзгерістердің бастамасы. Ал, бұған үлес қосу — әр қазақстандықтың міндеті. Атап айту керек, референдумда заңның 33 бабына өзгеріс енгізілмекші және бұл өзгерістер ел көкейіндегі түйткілдерлен туындап отыр» деді штаб мүшесі. Сондай-ақ ол үкіметтік емес ұйым мүшелері қоғам белсенділері ретінде алдағы саяси науқанға елді жұмылдыруға атсалысуы қажет деген пікірде. Өйткені, халық билікке өз пікірін сауатты жолмен жеткізуге дайын болуы тиіс. Ал референдумда көзделген өзгерістер соған мүмкіндік береді.
Өңірлік қоғамдық қолдау штабының мүшесі, заңгер Салтанат Рахимова президенттік басқарудан парламенттік басқаруға көшудегі тиімділікті түсіндіріп өтті.
«Заңдағы өзгерістердің ең өзектілерінің бірі — парламент пен сенаттың өкілеттілігі артады. Ал, ол дегеніңіз халықтың пікірі тыңдалып, жүзеге асу мүмкіндігіне ие бола бастайды. Депутаттарды халық сайлайтыны белгілі. Ал, олар аманатын адал атқармаса, халықтың қалауы арқылы ол депутаттарды мандатынан айыруға болады. Заңдағы өзгерістердің бірі — осы» дейді заңгер.
Айта кетейік, ел игілігі үшін енгізілгелі отырған өзгерістер сайлаушылардың елу пайызынан көбінің дауыс беруі арқылы ғана жүзеге асады.
Жиында үкіметтік емес ұйым мүшелері саяси науқанға қатысты сауалдарын жолдап, пікірлерін білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button