Жарнама
Саясат

ҚОҒАМДЫҚ БЕЛСЕНДІ ҰЛЫҚБЕК ТІНӘЛИЕВ АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АТАНДЫ

Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл. Бұл туралы бүгін Atr.kz-ге Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

«Бұған дейін Атырау облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары қызметінде болған Ұлықбек Тінәлиевті ұжымға бүгін Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Шәкір Кейкин Атырау қалалық әкімдігінің аппарат жиналысында таныстырды» делінген хабарламада.


Ұлықбек Тінәлиев енді ішкі саясат, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, білім, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту саласына жетекшілік етеді

Атырау қаласы әкімінің орынбасарлығына тағайындалған Ұлықбек Тінәлиев енді ішкі саясат, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, білім, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту саласына жетекшілік ететін болады.

Тінәлиев Ұлықбек Серікұлы еңбек жолын 2005 жылы қоғамдық ұйымның еріктісі ретінде бастады. 2006 жылы «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» қоғамдық ұйымына жетекшілік етті.

IMG 20190315 WA0004

2008 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Технологиялық машиналар және құрал-жабдықтар» мамандығы бойынша аяқтады. 2010 жылы аталмыш институттан техника ғылымдарының магистрі, 2012 жылы «Экономика және бизнес магистрі» атағын алып шықты.

Мемлекеттік қызмет саласына Ұлықбек Тінәлиев 2017 жылы келді. Бастапқыда Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, кейін Атырау облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары қызметтерінде әлеуметтік салаға жетекшілік етті.

Баян  ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button