Саясат
КІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН САЙЫС
Бүгінгі өтіп жатқан референдум тек таңдау жасаумен емес спорттық сайыспен де есте қалуда.
Соның бірі — Сағыз ауылындағы “Шұғыла” мәдениет үйінде орналасқан 155 учаскелік референдум комисиясы ұйымдастырған кір тасын көтеру сайысы.
Алты жігіт қатысқан күштілердің додасында 16 келілік екі кір тасын 56 рет көтерген Нұрлан Әлжанов бірінші орынды жеңіп алса, 52 рет көтерген Аманжол Бекбаулиев екінші орынды, 50 рет көтерген Дәурен Кәдірбек үшінші орынды иеленді. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлері естелік сыйлықпен марапатталды