КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ – БЕРІК СЕНІМ
Қазір Елбасы сөзімен айтқанда, «бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман». «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі – ұстаздардың біліктілігін арттырудың мазмұнын әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңарту жұмыстарын жүзеге асыру. Осы бағыттағы жоспарлы ауқымды жұмыстарын институт қызметкерлері облыс педагогтарымен ынтымақтаса жүйелі жүргізу үстінде. Бүгінгі тәрбие мен білім беру жүйесін отандық және әлемдік тәжірибемен ұштастыра отырып, білім сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету жолында ең жаңашыл тәжірибелерді жедел тарату мен енгізудің мәні ерекше.
Елімізде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей нұсқауымен бекітілген білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында тұңғыш рет электронды оқыту жүйесін енгізу мәселесі қарастырылып отыр. Электронды оқыту жүйесі – білім беру саласын мазмұндық жағынан жаңартудың 8 бағыттарының бірі. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді.
Бүгінгі күн талабына лайық ақпараттық технологияларды белсене ендіру арқасында сабақ беру әдісі жетіліп, білім беру үрдісіне қатысушылардың көзқарасы өзгереді. Электронды оқыту жүйесі ұстаздарға білім берудегі жаңа бағытты үйретеді.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы арман еткен, бүгінде қолымыз жеткен Тәуелсіздіктен кейінгі келесі Ұлы арманымыз – Мәңгілік Ел болу. Елбасының Ұлы арманы – Қазақ елінің Мәңгі Ел болып жасай беруі. Ол Еліміздің, тіліміздің, діліміздің мәңгілігі, болашаққа жеткізер өнегелі істеріміздің мәңгілігі. Халқы Елбасына сенген, кемел елдің келешегі қашан да жарқын, өркениет жолы айқын.
Гүлнәр ИСМҰРЗИНА ,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы.