КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК ЖОЛЫНДА
Мемлекетіміз тәуелсіздік алған жиырма үш жылдан астам уақыт ішінде көптеген қиындықтарды еңсеріп, биік белестерді бағындырды. Бұрын арман болған әлемдік додалардың жүлделерін қанжығасына байлаған Қазақстан, уақыт өткен сайын өзін қай салада болмасын, жетістіктерімен толтыра түсті. Бүгінде біздің елдің атын естігенде оған елең етпейтін мемлекет кемде-кем шығар. Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген абырой-беделі халқымыздың ауызбіршілігі, татулығы, Мемлекет басшысын құрметтеп, соған зор сенім білдіруінің нәтижесінде келді.
Ұлтымыздың тарихына көз салсақ, жаугершілік, одан бергі замандарда да бірліктің арқасында береке тапқан. Егемендік жылдары да халқымыз Ұлт Көшбасшысының маңына ұйысу арқылы мәселенің шешімін тауып отырды. Осы дәстүр бүгінде жалғасын табуда. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ел басқаруға бірден бір азамат деп таныған қазақстандықтар, бұл жолы да Елбасына қолдау көрсетті. Мен мұны тектен-тек айтып отырғаным жоқ. Әлемнің көптеген елдері сүрініп жатқан тұста, елімізде Президент сайлауының жоғары деңгейде өтуі Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түскен, мықты мемлекет болғанын тағы бір мәрте дәлелдей түскендей. Себебі, бұл сайлауда мемлекетіміздегі әр азаматтың дауысы маңызды болғандықтан, біздер өз даусымызды беру арқылы еліміздің болашағына таңдау жасадық.
Құрмет НҰРСАРИЕВ,
Ішкі істер министрлігінің
Құрметті ардагері.