Асқар Мамин министрлер мен әкімдердің басты міндеттерін атады

200128102119920a3608312i Жаңалықтар

 Atr.kz/28 қаңтар, 2020 жыл.  Жаңа жұмыс орындарын құру әр министр мен әкімнің басты міндетіне айналуы тиіс.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың нақты табысы мен өмір сапасын жақсарту бойынша стратегиялық міндеттеріне қол жеткізу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар берді. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу және әл-ауқатын арттыру ел экономиикасының дамуымен тікелей байланысты. Осы ретте инвестицияларды белсенді тарту керек және экономиканың шикізат емес секторын, сонымен қатар бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру әр министр мен әкімнің басты міндетіне айналуы тиіс», – деді Премьер-Министр.
Осы орайда Асқар Мамин Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар кешенін ұсынып отырғанын айтты.

«Жауапты орындаушылар мен мерзімдері анықталды. Енді үйлесімді жұмысты ұйымдастыру керек. Президент бегілеген барлық міндеттер нақты орындалуы тиіс. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жеке жауапты болады», – деп ескертті Үкімет басшысы.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:

http://atr.kz/bez-rubriki/%D2%AFkimet-%D3%A9%D2%A3irlerdi-damytudy%D2%A3-2025-zhyl%D2%93a-dejingi-memlekettik-ba%D2%93darlamasyny%D2%A3-zhobasyn-%D2%9Barastyrdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз