Жарнама
Саясат

КЕМЕЛ АДАМ (конкурс)

ҰЛТ ҮШІН ТУҒАН АРДА АЗАМАТ, БІРТУАР ТҰЛҒА, ҚАЖЫРЛЫ ҚАЙРАТКЕР АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ БІРІ ДЕ БІРЕГЕЙІ. СОНДЫҚТАН БІЗ «АҚ ЖОЛ» ДЕМПАРТИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА ОЛ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕМІЗДІ ОДАН ӘРІ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ…

«БАСҚАДАН КЕМ БОЛМАУ ҮШІН БІЗ БІЛІМДІ, БАЙ ҺӘМ КҮШТІ БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК. БІЛІМДІ БОЛУ ҮШІН ОҚУ КЕРЕК. БАЙ БОЛУҒА КӘСІП КЕРЕК. АЛ КҮШТІ БОЛУҒА БІРЛІК КЕРЕК», ДЕП АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АЙТҚАНДАЙ, БҮГІНДЕ ҚАНДАЙ ДА БІР ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ӘЛБЕТТЕ БІЛІМ КЕРЕК ЕКЕНІ БЕЛГІЛІ. АЛ БІЛІМДІ ЖАСТАРЫ БАР ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАСЫ БЕРІК, ТӘУЕЛСІЗДІГІ МӘҢГІ БОЛАТЫНЫ СӨЗСІЗ. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ӨЗІНІҢ САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН ҰЛТ МҮДДЕСІНЕ АРНАҒАН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ. ТӨККЕН ТЕРІ МЕН ЖАЗҒАН ЕҢБЕКТЕРІНІҢ БАРЛЫҒЫНАН ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫНА ЖАНАШЫРЛЫҚТАН ТУҒАН ЖАНКЕШТІЛІКТІҢ, ОТАНШЫЛДЫҚТЫҢ, БИІК ПАРАСАТ ПЕН ПАЙЫМНЫҢ БОЛМЫСЫ КӨРІНЕДІ. БІЗ АХАҢНЫҢ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНЕН ҒЫЛЫМ, ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАҒА АРНАЛҒАН ПАЙЫМДАРЫНА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРМАҚПЫЗ.

Ғылыми пайымдары

 А х м е т Б а й т ұ р с ы н ұ л ы ұлтының бол мысын терең таныған ғалым. Яғни барша мұң-қайғысының, арман-тілегі нің, жарқын болашағының қайдан екенін терең зерделеген жəне оған же ту дің жолдарын да жақсы білген. Біздіңше, Ахаңның ғалымдығын екі түрлі ерекшелік бойынша бағалауымыз керек: біріншіден, ұлт қажеттілігін ө т е у г е а р н а л ғ а н к ө р к е м шығармаларын жинақтап, жүйелеуде де ғылыми ойлау əлеуетінің кейбір қырлары көрі ніс береді. Халықтың сол тұстағы эко но микалық, əлеуметтік-тұрмыстық, қо ғамдық-психологиялық ахуалын терең зерделеп, соған лайық тақырыптардағы шығармаларды ұсынады. Екіншіден, қазақ ғылымының алтын бастаулары ретінде ғылыми-теориялық еңбектерінің маңызы аса жоғары. Қ а з а қ т ы ң а р ғ ы — б е р г і тарихынан терең сауатты болғандықтан, оның басындағы ахуалдың себеп-салдарын да жақсы тү сін ген. Қиындықтан қ ұ т қ а р у д ы ң ж о л д а р ы е ң бірінші халықты ояту мен білімге жетелеуде деп білді. «Халыққа не керек?» деген сұрақтың жауабын іздейді. Бодандықта тұрған жұрттың баршасына ортақ қиындық пен қазақ халқының басындағы ерекше тағдырдың арасында үлкен айырмашылық бар. Отарлаушы ел мен бодандықтағы халқының тұрмысы да, салты да, өмірлік ұстанымдары мен дүниетанымы да бір-біріне ұқсамайтын. Мұндай жағдайдағы қайшылықтың салдары бодан елге аса ауыр соққы бола тыны белгілі. Тұрмысы, дəстүрі, тілі, жалпы алғанда, барша мəдениеті мен ұлттық психологиясы дағдарысқа ұшы рай ды. Ғасырлар бойы санасына сіңген дəс түрлері қолданыстан ығысып, жа рам сыз күйге түскенде халық үлкен ты — ғы рыққа тіреледі екен. Тегі бөтен шаруа шылыққа адамның бірден икемделе кетуі қиын, ақыл мен денеге тосын салмақ түскен соң қиналады, жасиды, оның ақыры бойкүйездікке алып келеді. Осылайша, қазақ халқының үстінен зіл қара күш басты, «қараңғылық» міні та ғыл ды. Бүгінде «қазақ неден осындай болды?» деп, біз іздеп жүрген көптеген сұрақтардың жауабын Ахаң сол тұста терең түсінген еді. Не істеу керек? Халықты ояту керек! Тың серпіліс керек! Қазаққа ең бірін ші қандай əдіс қолданған жөн? Сөзбен əсер ету! Өйткені ұлы даланың батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін тұтастырып, бір ұлт ретінде сақтап келген сөз құдіреті болатын. Қазақ сөзге тоқтаған халық еді, сол қасиеті ешқандай заманауи техника мен технологиясыз-ақ халықты бір рухани орталыққа топтастырып отырған. Өзге жұрттың дəстүріне негізделген уақыт талаптарының құшағында жұтылып кетпес үшін өз дəстүрін, өз құндылығын жаңа заманға бейімдеу тəсілін қолға алды. Қазақ «қараңғылығы» н е д е ? Қ а з а қ т у м ы с ы н а н сауатсыз, өркениетке бейімді лігі төмен емес, керісінше табиғи мə де ниетке негізделген дүниетанымында адамзаттық деңгейдегі құндылықтар ұялаған, терең білімді игерген халық болатын. Батыстың материалдық құнды лық тарға негізделген мəдениеті мен оның артындағы өз өктемдігін орнатуға құ рылған қарулы күштердің алдында дəрменсіз күй кешкен халықтың ен ді гі үміті жаңа заманға бейімделуде ғана тұрған еді. Бұл тұрғыдан алғанда, «Қараңғылық бұлтын сейілту немесе ояну» деп жүргеніміздің өзі жаңа за ман ға бейімделу болатын, бізге басқа жол жоқ еді. Осының бəрін ой елегінен өткізе келе Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал», «Маса» атты еңбектерін жариялады. Мұнда түрлі тақырыптағы мəселелер қамтылды. Мысалы, ынтымақбірлік туралы «Аққу, шортан һəм шаян», ойсыз мақтаншақтық туралы «Шымшық пен көгершін», «Емен мен қамыс», күн шіл дік туралы «Өгіз бен бақа» секіл ді аудармалар қазақ қоғамының сол кез де гі жағдайына сай таңдалып алын ған мысалдар болатын. Сол секіл ді маса болып ызыңдап, халықты ояту мақ са тында жазылған «Маса» жи на ғын да да халықты оятып, жаңа заман ұйықтап жатқанды кешірмейтінін жəне келер ұрпақтың қамы үшін жаңаша түлемесе болмайтынын ескертеді. «Сөз иесінен» атты өлеңінде: Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша, Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қ о й м а с т а н қ ұ л а ғ ы н а ызыңдаса?! – деп, тоқтаусыз насихат, үндеу, шақы ру лар жүргізе беру керектігін ескертеді. Ахмет Байтұрсынұлының өткен ға сыр басында қолға алған басты қар уы сөз өнері еді. Сөз өнерін ғылыми тұрғыдан саралап, теориялық негіздерін қалады, қолданбалық тұрғыдан халықты жарқын болашаққа шақыру құралына айналдырды. Тіл білімінің негізін қалады, тілді теориялық тұрғыдан жүйелеп, бі лім мазмұнына енгізді. Қазақ тілінің таза лы ғын сақтау үшін орасан зор еңбек етті. Ол өзінің «Өмірбаянында»: «…Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ əліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету ж о л ы н д а ж ұ м ы с і с т е д і м , үшіншіден, қазақ тың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, с и н т а к с и с т і к қ ұ р ы л ы с ы н өзге тілдердің жат əсерінен тазартуға əрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тəжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген екен. Осы сөздердің бəрі де адал көңілден шыққан, шын ғалымның қалың бұқара алдындағы есебі іспетті. Ұлт ұстазы қазақ əліпбиінің тамаша үлгісін жасап ұсынды жəне оны алмағайып заманда барша қазақ баласы өзінің тарихи төл жазуы ретінде қабылдады. Кирилл үлгісіне негізделген қазақ əліпбиі ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап ұсыныла бастаған болатын. Осы қауіптің алдын алу үшін Ахаң араб əліпбиіне негізделген өз үлгісін ұсынды. Өйткені араб əліпбиінде қазақтың тарихы, бірне ше жүзжылдықтарға созылған жазу мəдениеті, діні мен ділі тұр еді. Соны қор ғау үшін бар мүмкіндігін жұм сап, жанкештілікпен еңбек етті. Өкі нішке қарай, бұл жазуды біз сақтап қала алмадық, қазіргі кезде тек Қытай, Иран, Ауғанстан жерін мекендейтін қазақтар арасында қолданылып жүр. Оның тілдік ұғымдарға берген анық тамаларының ғылыми тереңдігі, дəл ді гі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Сонымен қатар зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз т.б. ол жасаған жүздеген терминдер бүгінгі қазақ тіл білімі жəне басқа да пəндерге ұлттық сипат беріп тұрған баға жетпес құндылық. Ғалым ретіндегі басқа да ғылыми əлеуетін айтпағанда, осындай ұлы құндылықтарды дүниеге келтіру үшін аса үлкен жүрек жəне терең па йым мен парасаттың керек екенін ойша сезі неміз.

Педагогикалық пайымдары

Халықты ояту мен жаңа заманға бейімдеу ісінің маңызды бөлігі – оқыту ісі. Қазақтың оқусыз көсегесі көгер мейтінін өткен ғасыр басындағы барша қазақ зиялылары айтса да, мəселеге кешенді түрде қарап, нақты жүзеге асыру үшін бел шешіп кіріскен Ахмет Байтұрсынұлы екенін ешкім ж о қ қ а ш ы ғ а р м а й д ы ж ə н е де біз бұл еңбегін айрықша бағалауымыз керек. «Ұлт ұстазы» деген атағының өзі атқарған жұмысына сол кезде берілген баға. Ол ұлт болашағын оқудан іздеді. «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында: «Біз əуелі елді түзетуді бала оқыту ісін тү зе ту ден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі… Қазақ ішіндегі неше түр лі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқу ісімен түзеледі», деп атап көрсетеді. Оқу ісі туралы мына ойлары бүгінгі күн үшін де аса маңызды: «Қазақтың оқу жұмысы бұл күнде школада: қазақ балаларының бір парасы орысша оқып жүр, бір парасы ескі молдадан оқып жүр, бір парасы соңғы замандарда ғана жаңа жолмен оқи бастады. Орысша оқығандарды оқыту һəм тəрбиелеу ғылымы оқыған адамдардың қолында. Орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу қажет…» екенін айтады. Қазақ тілінің алдынан шығып жатқан бүгінгі проблемаларды сол кезде, яғни бір ғасыр бұрын болжаған көреген адамды кемеңгер демеске себеп бар ма?! Өйткені ол орыстың тіліне тəуелділікке ұшырауымыз мүмкін екенін, бойына біткен ғайыптан хабар алатын сиқырлы күш арқылы емес, кемел білімімен болжай білді. Басталып келе жатқан замана желінің соңы қайда апарып соғатыны оған айнадағыдай айқын еді. Сондықтан ол қазақша оқуды ұлтты құтқарудың бірінші құралы деп бағалады. С о н д а й — а қ о л қ а з а қ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пəн ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 жылы, синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Сондайақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұм сар», мұғалімдерге арналған «Баян шы» деген əдістемелік кітаптар жазды. А.Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік санаттарды ұғындыру мақсатында ен гізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы əдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсынұлының ақын, аудармашы, ғалым-тілші, əдебиеттанушы ретіндегі ұланғайыр еңбегі өз дəуірінде зор бағаға ие болды. Түрлі мемлекеттік қызметке араласа жүріп, бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылықұстаздық жұмысынан да қол үзбей қатар алып жүрді. 1921-1925 жылдары Орынбордағы, 1926- 1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен əдебиеті, мəдениет тарихы пəндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика и н с т и т у т ы н ы ң а ш ы л у ы н а б а й л а н ы с т ы р е к т о р д ы ң шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. А.Байтұрсынұлының педагогикалық еңбектеріне ұлы Мұхаң – Мұхтар Əуезов былай деп баға берген екен: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған əдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, сая сат жолындағы қ а ж ы м а ғ а н қ а й р а т ы , б і з ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Ақаң – еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі – артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ақаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын… Қаламынан тамған бал ем болудан айнымайды». Қанша атып-шапса да, өртеп, жойса да Ахаңның тұтас ұлттың жүрегіне ұялаған елшілдік ұраны жоғалған жоқ, шыққан күн секілді өзінің нұрлы бояуымен қайта жарқырады. Бүгінгі Қазақстан Республикасындағы о қ у о р ы н д а р ы н д а А.Байтұрсынұлының есімін еске алмайтын ұжым жоқ деуге болады.

Экономикалық пайымдары

А.Байтұрсынұлын толғ а н д ы р ғ а н а с а м а ң ы з д ы мəселелердің бірі – халықтың əлеуметтік жағдайы, кеңінен алғанда елдің экономикалық ахуалы. Бұл ұлттың бола шағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Өткен ғасырдың басында қазақ оқығандары білім мен егіншіліктен бөлек, қаржы, экономика мəселелері бойынша да біршама мəселе көтерген. Х І Х ғ а с ы р д ы ң с о ң ы , Х Х ғасырдың басында либералдыдемократиялық патриоттық бағыттағы көптеген зиялы қауым өкілдері: Əлихан Бөкейхан бастаған А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Шоқай секілді Алаш зиялылары өздерінің ғылыми ең бек терінде қазақ өлкесі дамуының эконо микалық тарихына да назар аударады. А . Б а й т ұ р с ы н ұ л ы н ы ң б ұ л бағыттағы еңбектерінің бірі, сол заманда қазақтың қабырғасына батып тұрған жер мəсе лелері бойынша жазғандарынан, аудармаларынан көрінеді. «Қазақ жерін алу турасындағы низам» атты еңбегінде (аударма) ол былай деп жазады. « Қ а з а қ п а й д а с ы н д а ғ ы жерлерді алады, қыстауларынан көшіріледі, қай жөн мен алып, қай орынға көшіреді – оны қазақ білмейді. Жоғарғы хакімдердің қазақ жері турасында шығарған низам, бұйрықтары болса да, ол бұйрықтарды мұндағылардың қайсылары орнына келтіріп, қайсылары орнына келтірмейді. «Қазақ жол ретін білмейді», дейді де, біреулері жолменен істемей, жосып, бетімен кетеді», деп қазақтың жер туралы мұңын баяндай келе, былайша түйеді: «Жалпақ жұрттың бəрі болмаса да, жалғыз-жарым азы да болса, пайдаланар деген ниетпен қазақтың жерін алу турасындағы шыққан низам, бұйрықтарды қазақшаға аударып, бірте-бірте жұрттың құлағына тигізбек ойым бар». Қ а з а қ қ а ж е р – т ұ р а қ , мекен, күнкөріс, тіршілік көзі. Бар байлығы жермен байланысты халықтың басына туған қиыншылық біріншіден, отаршылдық пиғылдан келсе, екіншісі – қазақтың өз құқығын жоқтай алатын сауатының болмауынан. А.Байтұрсынұлы қолға алған үлкен бастаманың бірі – сол кезде қалыптасқан ж а ғ д а й ғ а о р а й х а л ы қ т ы экономикалық сауаттандыру болды. Осы мақсатта жазылған « З е м с т в о » , « Ж е р ж а л д а у жайынан», «Көшпелі һəм отырықшы норма» секілді еңбектері қазақтардың жер иелену жағдайына байланысты жазылған. Жаңа талаптарды түсінбей, жер турасында кетіп жатқан кемшіліктер мен жерге ие болудың жолдары көрсетіледі. А.Байтұрсынұлының жан алып, жан беріскен осындай шақтағы еңбегін С.Сейфуллин былайша бағалайды: «…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғызақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уезд, губерния соттарына күш салып, тілмаш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қыл ды. Халықтың арын іздеп, өзінің ойға ал ған ісі үшін бір басын бəйгеге тікті». Жер иеленудің өзіндік дəстүрлі үл гі сімен жүздеген, мыңдаған жылдар бойы өмір кешіп келе жатқан қазақ үшін жаңа талаптарды қабылдап, байыбына барып болғанша біршама уақыт керек еді, алайда отаршыл билік жүйесінде күтіп тұратын ондай «уақыт» болған жоқ, салдарынан қарапайым жұрт аса үлкен зардап шекті. Осы тұста қарлығаш қанатымен су сеуіп шырылдаған Ахаңның еңбегі аса сауатты жанның əре ке тін көрсетеді. Қазақ үшін қолайсыз заңның қолайлы жақтарын жан-жақты түсіндіреді, жерге ие болудың жолдарын анықтап береді. Сонымен қатар ел ішіндегі жеке бастың қамы үшін мұ жықтарға жер сатып, салдарынан қа ра па йым халықты сорлатып жүрген кей адамдардың қылығын күйіне жазады. А.Байтұрсынұлы экономикалық, құқықтық жағдайларға байланысты бір шама мəселе көтерді. Ол көтерген мəселелердің біразы орындалды, біразы керісінше, өзіне қырсық болып жа бы сып, таяқ болып тиді. Ақыр со ңын да 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сəйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Орынборда тұрғанда ұлт мүддесіне сəйкес келетін біршама қоғамдық-саяси жұмыстарды жүзеге асырды. Осында ең жақын сенімді достары Ə.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондайақ барша қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, 1913-1918 жылдары тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білім мен экономика, оның ішінде сауда-саттыққа жəне кəсіпті меңгеру үшін де білімді болуға шақырды. Осылайша, айдауда жүрсе де, өз өмірін арнаған ұлт мүддесіне деген көзқарасынан жа ңыл май, мақсатына жетуге əрекеттене берді. Кемел адам өзгелер сөксе де, айып та са да, өсек-өтірікті қарша боратса да, тіпті жалаға тап болса да, аузын ашып ешкімге артық сөз, жағымсыз жауап қатпады.

Кемел адам өзгенің кемшілігін көретін емес, керісінше жасыратын адам. Ахаңа қанша жала жабылса да, өмірден қазағым, Алашым, елім деп өтті. «Өзің мəңгі емес, атың мəңгілік. Атың мəңгі болса, затың – мəңгілік», деп Жүсіп Баласағұн айт пақ шы, Ахаң қазақ халқына, жас тар ға пайдасы тисін деп басын қауіп-қатерге тікті. Осындай ерлігі үшін ол халық жадында мəңгі сақталады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button