Жарнама
Саясат

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ИНСТИТУТЫ – УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМ

– Қалмақ мемлекеттік университетінің мұрындық болуымен 2013 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Ресей тарихы мен мәдениеті орталығы ашылды. Мұнда ғылым жолына бет бұрған жастар мен студенттердің бұл елдің тарихы мен мәдениеті туралы көбірек мағлұмат алып, бейнефильмдерді көріп, тамашалауына, өзге де көрнекіліктермен танысып, таным шеңберін кеңейтуіне қолайлы жағдайлар туғызылған. Бұдан басқа, орталықтың магистранттар мен аспиранттарға да пайдасы мол. Түптеп келгенде, ол Ресей мен Қазақстан халықтарының ғылым, білім және мәдени байланыстарын одан әрі нығайтса, өз кезегінде ресейлік ғалымдар осында келіп, атыраулық студенттер алдында дәріс оқиды.

Ынтымағы мен достығы жарасқан, іргесі құтты көршілерді бұрынғыдан бетер жақындастырған келесі бір кезең ретінде университет басшысы Астрахан мемлекеттік техникалық университеті мен Атырау мемлекеттік университеті өкілдері арасында 2014 жылдың желтоқсан айында ұйымдастырылған телекөпірді атады. «Атырау-Астрахан: университеттер, өндіріс, елдің инновациялық дамуы» тақырыбында, тұңғыш Президент күніне орайластырылған бұл шара барысында әріптестер өзара пікір алмасып, ұсыныс-тілектерімен бөлісті. Ең бастысы, осы жолы он жылдан астам уақыт бойына Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері қауымдастығының атқарушы директоры бол-ған Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің президенті Юрий Пименов «Қазақ мемлекеттілігінің (хандығының) құрылғандығына – 550 жыл» толуымен байланысты өзі басқаратын жоғары оқу орнының базасында Қазақстанның тарих және мәдениет орталығын құру идеясын көтерген-ді. Бұл ұсыныс та кең қолдауға ие болып, өрісін тапты. Тек соңғы екі жылда Астрахан университетіне 40-қа тарта атыраулық магистрант жолдамамен барып, тәжірибеден өткен. Ал, өткен жылдың 3-ші желтоқсанында Атырау мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультеті ғимаратында Әзірбайжан халқының мәдениет және тарих орталығы ашылды.

– Осының бәрі жинақтала келе Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы институты сияқты қоғамдық құрылымды құруға алғышарттар жасап, берік негіз қалағаны анық. Әрине, бұған дейін де достастық елдерінің мемлекеттік университеттері жанынан осындай кафедралар жасақталып, жұмыс жасауда. Алайда, өз мүмкіндігіміз бен әлеуетімізді екшей келе, біз тәуекелге бел байлап, бірден институт құруға бекіндік. Бүгінгі күні бұл ойымыз да сәтті жүзеге асты, деп есептеймін. Оған осы тұрған баршаңыз да куәсіздер.

Университет ректоры Бейбіт Мамраевтың бұл айтқандарын салтанатты шараға қатысушы қонақтар: Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Еркін Қадырғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева да қостап, жылы лебіздерімен бөлісті. Құттықтаушылар легіне салтанатты сәттің куәсі болған облыстағы этно-мәдени орталықтардың өкілдері де қосылып, ой-пікірлерімен ортақтасты.

Соңынан университет базасында ашылған институттың тұсауы кесіліп, рәміздік лентасы қиылды. Қатысушылар жаңа құрылымның жұмысымен, болашақтағы жоба-жоспарларымен, жоғары оқу орнының өміріндегі жарқын жаңалықтармен танысты, Әзірбайжан мәдениеті мен тарихы орталығында болды.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button