Жарнама
Саясат

Кәсіби мемлекеттік аппарат және жасанды интеллект дәуірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл құжат еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуының алдағы бағыттарын айқындап, ұзақ мерзімді мақсаттарды белгілейді.

Жолдаудағы басты басымдықтардың бірі – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Бұл бастама демократиялық институттардың сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Экономикалық блокта өңдеу өнеркәсібін, тау-кен металлургия кешенін және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, сондай-ақ аграрлық сектордағы экспортты кеңейту міндеттері айқындалды. Бұл шаралар елдің экономикалық тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Ерекше назар аударылған маңызды қадам – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру. Менің ойымша, бұл бастама Қазақстанның технологиялық серпілісіне жол ашады. Жасанды интеллектті мемлекеттік басқару, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салаларға енгізу тиімділік пен өнімділікті арттырады. Сонымен қатар, деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және отандық IT-экожүйені нығайту міндеттері өзекті болып отыр.
Президент Жолдауында айтылған реформалардың табысты іске асуы үшін кәсіби кадрларды даярлау мен қайта оқыту ісі шешуші рөл атқарады. Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы ретінде мен бұл бағытта мемлекеттік қызметшілердің құзыретін арттыру, цифрлық дағдыларын жетілдіру және инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ерекше мән беруіміз қажет деп санаймын.
Қорытындылай келе, биылғы Жолдау еліміздің даму жолындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Егер онда айтылған міндеттер жүйелі түрде орындалса, Қазақстан аймақтық қана емес, жаһандық деңгейде де бәсекеге қабілетті мемлекетке айналады.

Мөлдір ДОСАНБЕКОВА,
ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы бойынша
филиалының аға оқытушысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button