Жарнама
Саясат

Кандитатты дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы қолдап отыр 

Дүниежүзілік кәсіподақтар Федерациясы (WFTU) Қазақстан Республикасының Президент сайлауына кәсіподақ ұйымдарының өкілі ұсынылуын қолдады.

Федерация қарапайым жұмысшылардың мүдделерін білдіретін саяси емес ұйымның жоғары деңгейдегі күреске қатысуға ниет білдіргенін оң қабылдады.

Бұл туралы WFTU Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«We have been informed that in the election for the President of the Republic that will take place on November 20, the Commonwealth of Trade Unions of Kazakhstan “Amanat” nominated its candidate for the post of President. This is the first time in the history of Kazakhstan that trade unions participate independently in the political struggle. We stand by the workers of Kazakhstan and their just struggle.

«Бізге 20 қарашада өтетін Президент сайлауында «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар Достастығы” бірлестігі өз кандидатын ұсынғаны туралы хабарланды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет кәсіподақтар саяси күреске қатысуда. Біз Қазақстан қызметкерлерін және олардың әділ күресін қолдаймыз», — делінген хабарламада.

Айта кетейік «Аманат» кәсіподақтар Достастығы» бірлестігі Орталық Атқару комитетінің мүшелері 2022 жылғы 28 қыркүйектегі отырыс барысында 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің кандидатурасын ұсынды.

14 қазанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы М. Қажыкенді Республика Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Естеріңізге сала кетейік, тіркеу үшін үміткерлерге кемінде 118,2 мың қол жинау қажет болды. Мейрам Қажыкенді қолдап 122 184 қол жиналды, оның ішінде 120 055 қол сенімді деп танылды.

Дүниежүзілік кәсіподақтар Федерациясы- бұл 1945 жылы 3 қазанда Парижде құрылған Халықаралық демократиялық кәсіподақтар бірлестігі. Сол кезде ДКФ жарғысы қабылданды. Құжат Федерация жұмысының негізгі міндеттерін нақтылайды. Әсіресе  нәсілін, ұлтын, дінін немесе саяси нанымдарын ажыратпай әлемдегі барлық жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Штабтың баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button