Жарнама
Саясат

Кандидаттың штаб мүшелері «DAMU» кәсіпкерлерді қызмет көрсету орталығында болды 

Облыстық қоғамдық штаб мүшелері, Асхат Жұмағалиев, Нәсіп Шалабаева, Мұса Хайруллиев, Ғани Сағындықов “DAMU” кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандарымен жүздесті. Оларға ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, мән-маңызына тоқталды.

-Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында Әділетті экономика құру қағидасын бекітіп отыр. Бұл — осы кәсіпкерлік саласындағы оң өзгерістерге жол ашады деп сенеміз. “Жалғыз үні, жаяудың шаңы шықпайды” деген аталы сөз бар. Ол үшін, әрине, қолдау керек. Ауылдарды дамыту, білім сапасын жақсарту, медицинаны өркендету секілді мәселелер кезек күттірмейді,- деді Асхат Жұмағалиев.

-Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы 3 қағидаттан тұрады. Оның ішіндегі Әділетті экономика қағидаты — елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жолы болмақ. Қ.К. Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлік саласына баса көңіл бөлетінін жеткізді. Рас, бұл салаға үлкен қолдау керек. Жемқорлықсыз, бармақ басты, көз қысты секілді дерттен айыққан Әділетті қоғам құру — сіз бен біздің қолымызда,- деді штаб мүшесі Нәсіп Шалабаева.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button